Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Саяси идеология жайлы тұжырымдар
(К.Маркс) идеология дегеніміз жеке тілек, мақсатты ғылым, көркемөнер, мораль, саясат, құқық тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю
К.Манхейм), “идеология — ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын
құрал”.
олар идеологияның көңiл-күйлiк жағынан гөрi құндылықтық мазмұнына ерекше мән бердi
У.Матц идеология тек күрделi саяси дағдарыстар кезiнде ғана саяси аренаға шығады деп есептейдi