Курстың қысқаша сипаттамасы: Саз құралдары пәні IIІ курс студенттеріне оқылады.
Курс мақсаты: Аспапта ойнап үйрену арқылы студенттердің музыка-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ мұғалімдерді музыка өнеріне тәрбиелеу.
Бастауыш сынып мамандарына аспабын үйретудiң негiзгi мақсаттары:
Аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Студенттердiң музыкалық шығарманы эмоциялық жан-күйiмен сезiнiп, дұрыс түсiнiп, музыкаға деген қызығушылығын ояту.
1-4 сыныптарға арналған мектеп репертуарларын, туған ел, ұстаз, ана және табиғат тақырыптарындағы ән-күйлердi өз бетiнше түрлі аспаптарда (домбыра, баян, фортепиано) аспаптарда еркiн ойнап, сүйемелдеуде сапалы да, саналы түрде меңгерту.
Курс міндеті: Бастауыш мектептің болашақ ұстаздарына музыкаға және мектептегі музыка-педагогикалық жұмысына сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Студенттерге музыканың мәні мен ерекшеліктерін, оның адам өмірінде әлеуметтік ролін ашып көрсету, олардың бойында музыка өнері туралы білім жүйесін, музыканы дұрыс қабылдау дағдыларын, музыкадағы өмір мазмұнын білу қабілеттерін қалыптастыру жолдарын көрсету.
Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартқа сәйкестігі бағдарламасының мазмұны және онымен өткізілетін жұмыстың негізгі принциптері мен әдістерін толық игерту.
Сыныптан тыс музыкалық жиындарды өткізудегі өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын тәрбиелеу.
Пәннің қысқаша мазмұны Аспап туралы түсінік. Аспапта дұрыс отыру, оң және сол қолдың қойылымын дұрыс меңгеру. Дыбыс қатары. Музыкалық дыбыстардың аспап бойына орналасуы мен олардың нота желісінде жазылуы. Балалар әндері мен жеңіл шығармаларды меңгерту. Музыкалық ырғақтың ерекше түрлері. Октава. Гамма. Нотаны бірден оқып ойнау. Аспаптағы шартты белгілер. Аспаппен қосылып ән салу. Сазгерлер. Балалар сазгерлері: И.Нүсіпбаев, Ә.Еспаев, Б.Байқадамов, Ө.Байділдаев, К.Дүйсекеев т.б.