Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет106/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Экология

 

и

 

устойчивое

 

развитие

»

Экологиялық апат аймағында 186,3 мың адам тұратын 178 елді 

мекен бар. Ауыз сумен жабдықтау 25% құрайды, негізінен ашық 

су қоймаларынан жəне алып келінген судан.

Арал өңірінің жергілікті тұрғындарының тұрмыс жағдайының, 

тамақтануы мен жұмысының нашарлауы аурушаңдық пен өлімнің 

артуына  əкелді.  Арал  өңірінде  тұратын  қазақ  халқын  тексерген 

кезде  адамдардың  70%  -ы  экологиялық  себептерге  байланысты 

денсаулығында ауытқулар табылған. Бұл жерлерде онкологиялық 

аурулар 15-20 есе өсті.

Каспий  теңізі  -  Дүниежүзілік  мұхитқа  қосылмаған  əлемдегі 

ең ірі ішкі су айдыны, оның ауданы 398000 км3 астам. Ол Еура-

зияның  ішкі  бөлігінде  орналасқан  жəне  табиғаттың  таңғажайып 

туындысы. Солтүстік жағалауда қатты аяз бен қарлы боран болып 

жатса,  оңтүстік  жағалауда  магнолия  мен  өрік  ағаштары  гүлдей-

ді.  Каспий  аймағында  бес  мемлекет  бар:  Ресей,  Əзірбайжан,  Қа-

зақстан, Түрікменстан, Иран, олардың жағалау аймағында 5 мил-

лионнан  астам  адам  тұрады.  Каспий  теңізі  өте  əдемі,  алуан  түр-

лі  экожүйелер  мен  табиғи  ресурстардың  бай  қорларына  ие,  олар 

əлі  толық  зерттелмеген  жəне  ұтымды  пайдаланылмаған.  Каспий 

теңізі климат қалыптастырушы маңызға ие жəне реликтілік фло-

ра мен фаунаны, соның ішінде əлемдегі ең ірі бекіре балықтары-

ның табын (əлем қорының 90%) алып жүретіндігімен ерекше. Ка-

спий теңізінде 500-ден астам өсімдік түрлері мен 850 жануарлар 

түрлері кездеседі. Каспий - суда жүзетін құстар мен жағалаудағы 

құстардың  негізгі  қоныс  аудару  жолы  жəне  тіршілік  ету  ортасы. 

Əлемдік қоғамдастықтың табиғи ресурстарға деген сұранысының 

артуына байланысты Қазақстан Республикасының экономикасын 

дамытуда Каспий теңізінің рөлі баға жетпес. Қазақстан үшін Ка-

спий аймағы қазіргі уақытта да, таяу болашақта да өте маңызды 

стратегиялық маңызға ие.

Қазіргі  уақытта  Каспий  теңізінің  қазақстандық  бөлігінде  өза-

ра байланысты бірқатар күрделі экологиялық проблемалар пайда 

болды. Соңғы жылдары Каспий маңындағы ауылшаруашылық жұ-

мыстарына  қолайлы  жерлер  мен  жайылымдардың  қысқаруының 

тұрақты тенденциясы байқалуда. Бұл процесс деградация, шөлейт-

тену, əртүрлі химиялық заттармен шамадан тыс қанығу жəне Ка-

спийдегі барлық суармалы жерлердің 50% -дан астамының екінші 

рет тұздануының əсерінен жүреді.



128



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет