Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет425/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

əзірбайжандар  ежелгі  ата-бабаларының  жер  мəселесі,  Таулы  Қа-

рабақ  позициясына  келгенде  қандай  позицияны  ұстанғаны  тура-

лы  ойланбайды  деген  [1.с169].  Кавказ  жерлері  ежелден  бірнеше 

мемлекеттердің  қарамағында,  ықпалында  болғаны  тарихтан  бел-

гілі, басқаларды айтпағанда, римдіктер, арабтар, түріктер, сефевид 

парсылары жəне орыстар əскерлерін жіберіп, осы аймақты бағы-

нышта ұстауға тырысқан. Бұл мекенде байырғы заманнан Арме-

ния патшалық құрған. Осындай тарихи себептерден армян халқы 

үшін  бұл  жер  қасиетті  саналады.  Армяндықтардың  көзқарасы 

бойынша “Таулы Қарабаққа шын мəнінде кім ие ?” деген сауалды 

ежелгі заманнан бастау керек. Жоғарыда аталған “Арцах” атауы-

ның шығу тегі де осы патшалықтың құрылуынан бастап маңызға 

ие болып саналады. Бірнеше ғасыр бойы бірге өмір сүріп келген 

екі  халықтың  бөлінуіне  тағы  бір  себеп  жергілікті  тұрғындардың 

ұстанып отырған дінінде деп ойлауға болады. Қазіргі жағдайларға 

байланысты əлеуметтік желілер аясында көпшілікке кіші ақпарат-

тық  майдан  ретінде  танылған  екі  халық  арасындағы  кикілжіңде 

көптің  назарын  аударуда.  Мысалға  Facebook,  Twitter  желісінде 

#ҚарабақƏзербайжандыкы,  #ҚарабақАрменияныкы  сияқты  хэ-

штегтер арқылы дауласулар жиі орын алып жатады. 

Əзірбайжан  үшін  Қарабақтың  рөлі  маңызды.  Дəлірек  айтсақ, 

Əзербайжан Нахичеван қаласына баратын дəлізге ие болса Каспий 

теңізінен Жерорта теңізіне дейін шығатын жол қолайлы болатын 

еді. Себебі Қарабақ арқылы Нахичеваньға арналған дəлізбен Түр-

кияға өтіп, одан əрі Жерорта теңізіне дейін үлкен сауда жолы пай-

да болып, мұның өзі Əзербайжанның Еуропаға дейін тауарын ке-

дергісіз тасымалдауына мүмкіндік беретін еді. Нахичеван аймағы 

туралы деректерге сүйенсек б.зд II ғасырда армян патшалары ба-

сып алған екен. Алайда, Қарабақ пен оған жақын жерлерін (Утик, 

Арцах) қашан иемденіп алғандығы туралы дəлелдер жоқ [2.с 62].

1917  жылы  революциядан  кейін  жəне  Ресей  империясы  ыды-

рағаннан  кейін  Закавказьеде  үш  тəуелсіз  мемлекет  оның  ішінде 

Қарабақ  аймағы  кіретін  Əзірбайжан  республикасы  жарияланды. 

Барлығы əлдеқайда күрделі болды жəне бұл кезең көптеген оқиға-

ларға  толы  болды.  Алайда  ауданның  армян  халқы  жаңа  билікке 

бағынудан  бас  тартты.  Сол  жылы  Қарабақ  армяндарының  бірін-

ші съезі өзінің үкіметін армян ұлттық кеңесін сайлады. 1918-1920 

жылдары  армян  жəне  əзірбайжан  халықтары  арасында  қақтығыс 



479



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет