Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет181/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Ғылыми мəселенің қойылуы. 

Өңірлік саясат ұлттық экономи-

каның елеулі өркендеу нүктесі. Өңірлердің табысты дамуы елдің 

жалпы экономикалық өсуінің қуатты құралы. Себебі, экономика-

лық жəне демографиялық жағдайы тұрақты, жылдам дамып келе 

жатқан өңірлер, халықтың ұтқырлығының артуы жəне өндірістің 

мамандануының  артуы  дамудың  маңызды  бөлігі  болып  табыла-

ды.  Елдің  өңірлік  дамуын  қолдау  жəне  оған  жеткілікті  деңгейде 

жағдай жасау мемлекеттік саясаттың өте маңызды мақсаттарының 

бірі, ал оған қолжеткізу қазақстандық экономиканың бəсекеге қа-

білеттілігін  жəне  азаматтардың  əл-ауқатын  арттыруға  көп  мүм-

кіндіктер береді. Сол себептен, еліміз өңірлердің дамуына ерекше 

көңіл бөліп отыр.

Қазіргі таңда өңірлердің табысты дамуы елдің жалпы əлеумет-

тік-экономикалық  əлеуетінің  өсуінің    негізгі  көзі  болып  табыла-

тыны анық. Ал біздің еліміздегі əрбір өңірлердің əлеуметтік жəне 

экономикалық  жағдайлары  бірдей  деңгейде  емес.  Кей  аймақтар 

бюджеттен  бөлінетін  қаржыны  тиімді  пайдаланып,  оны  ақтай 

алса, кейбіреулері артта қалып отыр.  

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев та өзінің «Жаңа жағдай-

дағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты жолдауында өңірлерді одан 

əрі дамыту стратегиясын таныстырды. Жолдауда, өңірлердегі жаңа 

заман талабына сəйкес экономикалық дамуды, өнеркəсіп саласын 

жетілдіру, ауылшаруашылық саласын, кəсіпкерлікті, логистика ке-

шенін, қаржы секторын күшейту жəне қазақстандықтардың əл-а-

уқат деңгейін жақсарту сияқты міндеттерді алға қойды [1]. Осыған 

орай,  ҚР  өңірлердің  дамуына  байланысты  əртүрлі  мемлекеттік 

бағдарламалар, қаулылар мен нормативтік ережелер қабылданды. 




211



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет