Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет13/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. 
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі 
мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен 
тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі 
болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты 
жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз 
ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде 
алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере 
отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. 
Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті 
білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді 
жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды 
даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет — мемлекеттік 
құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық 
кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру. 
Әлеуметтік серіктестік аясында Ш.Есенов атындағы КМТжИУ көпсалалы колледжі негізінен 
қызмет көрсету саласына білікті жас кадрларды даярлау үшін бірнеше мекемелермен, соның 
ішінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша Ақтау қаласының №29,22,5,14,21,9 жалпы 
білім беру орта мектептері, Жаңаөзен қаласындағы №15,19 жалпы білім беру орта мектептері, 


26 
Жетібай ауылындағы №3,4 жалпы білім беру орта мектептері, Баянды ауылынан № 3 жалпы 
білім беру орта мектебі, Батыр ауылынан №10 жалпы білім беру орта мектебі, Бейнеу 
ауданынан Сам жалпы білім беру орта мектебі, «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша №23 
жалпы білім беру орта мектебі, «Құқықтану» мамандығы бойынша Маңғыстау облысының 
Полиция департаментімен келісім шартқа отырды. Бұл кәсіпорындардың жетекші мамандары 
әрбір жартыжылдықта өткізілетін аттестацияларға, диплом қорғауға қатысып, бітіруші 
түлектерді жұмысқа шақырады. 
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандардың кәсіби 
дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп – қонуы 
азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді. 
Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге 
мүмкіншілік береді: 
— талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі; 
— оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің 
жоғарылауы; 
— оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті 
(икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу; 
— мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен 
шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы; 
— дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек 
дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы; 
— бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы; 
— бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы; 
— бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі; 
— білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы 
кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту; 
— білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату. 
Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби 
жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, 
педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын 
оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері. 
Біздің оқу ордамыз білім беру кеңістігінің әлемдік сахнасына шығуы үшін мамандарды 
даярлауда сапаға ерекше мән береді. 
Дегенмен білікті де, білімді де білімді инженер педагогтардан құралған ұжым мүшелері алдағы 
тапсырмалар мен міндеттерді өз дәрежесінде орындап шығатындығына сенемін. 
Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет