Сборник международной научно-практической


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



Pdf көрінісі
бет61/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Алғаш рет оңтүстік шығыс Қазақстан өңірінде 
шығарылған қазақтың биязы жүнді өнімділік және биологиялық ерекшеліктері одан әрі 
дамытылды. Осы мақсатта жүнді бағыттағы австралиялық мериностың гендік қорын тиімді 
пайдалану жақсы нәтижеге қол жеткізді [4].
Жергілікті жағдайға жақсы бейімделген, нарық бәсекесіне төтеп бере алатын, өте 
жіңішке талшықты (18,0-20,0 мкм), таза жүн шығымы 57-58 % беретін малдардың үлесі 
көбейді. 70 сападағы (18,0-20,0 мкм) талшықтың үлесі тәжірибе алдында 6-8% құраса, бұл 
көрсеткіш қазіргі кезде 28%-ға жетті. Нәтижелер жүн талшығының ұзындығы 1,0-1,5 см 
артып, жүн түсімі 10-15 % көтерілгенін көрсетеді [5,6]. Будандардың жүні қоюланып, 
беріктігі жақсарып, жүн талшықтарының жылтырлығы, жұмсақтығы артып, жүні 
австралиялық мериносына тән сипатта. Қазақтың биязы жүнді қойының жүн түсімі 
жоғарылап қана қоймай, сонымен бірге малдардың тірілей салмақтары 10-15 % көтерілді. 
Зерттеу зерзаты мен әдістемесі
 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Алматы облысы, Іле ауданы 
«Олжас» шаруа қожалығында жүргізілді.
Зерттеу зерзаты
– австрало-қазақтың биязы жүнді саулықтары мен тәжірибе ретінде 
шетелдік (австралиялық жүнді бағыттағы меринос) және отандық селекциядағы
қошқарлары болды, бақылау тобы есебінде жергілікті қазақтың биязы жүнді қойлары 
алынды.


43 
Ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін келесі тәжірибе топтары құрылды: І топ 
(тәжірибелік) жүнді бағыттағы австралия мериносы қошқарының қатырылған ұрығы 300 
қой шаруашылығы институтынан алынған, аналық саулық саны 138 бас, ІІ топ 
(тәжірибелік) қазақтың биязы жүнді аталық қошқарлар, саулықтар саны 145 бас, ІІІ топ 
(бақылау тобы) қазақтың биязы жүнді қошқарлар, саулық саны 114 бас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет