Сборник международной научно-практической



Pdf көрінісі
бет86/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019

Зерттеулер нәтижелері 
Ет өнімінің құрамына кіретін бұлшық еттің және майдың тағамдық маңыздылығы 
жоғары болғандықтан ұша сойыс өнімінің ең құнды бөлігі болып саналады [3,4]. 
Қозыларды сою кезінде салмағы ауыр, қоңдылығы орташа (70%) және жоғары (30%) 
ұшалар (құйрықтарымен) алынды. Ұша шығымы сояар алдындағы тірі салмақтаң 49,9% 
болып ет өнеркәсібінің қоңдылығы жоғары қойларға қойылатын талап мөлшерінен (41,3%) 
едәуір артық болды. Қозының ішкі мүшелерінде 0,44 кг салмақта іш май шырланды, оның 
шығымы небары 1,2% болып ет өндірісіндегі мөлшерлі талаптан (2%) 0,8 бірлікке төмен 
болды. Малдардың ет өнімділігін бағалауда сойыс салмағымен, сойыс шығымының 
дәрежесі маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Жаңа генотипті қазақтың қылшық жүнді құйрықты қозыларының ішкі мүшелерінде 
майдың жиналуына байланысты сойыс шығымы ұшаның шығымымен салыстырғанда 
жоғары болып 51,1 пайызда құрады.Ұшаның іш майсыз салмағы 18,9 кг немесе шығымы 
49,9% болды [5,6]. Оның ішінде құйрығының салмағы 2,48 кг немесе сойыс алдындағы бір 
тәулік аш ұстағаннан соңғы қозылардың тірілей салмағының 6,5 % құрады.
Өзіндік тағамдық тұрғыдан құндылығы бар қосалқы ет өнімдерінің салмағы 4,82 кг 
болып, оның шығымы қозылардың сояр алдындағы салмағына шаққан-да 12,7% болды. 
Ұша, іш май және қосалқы өнімдерінің қосындысына құрайтын барлық сойыс 
өнімдердің салмағы 24,8 кг тартып шығымы жоғары болып 63,8 пайызды құрады. 
Салыстырмалы таза қанды қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларының 
қозыларының бір тәулік аш ұстағаннан соң сойыс алдындағы тірі салмағы 34,3 кг тартып 
сойғаннан кейін мұздатылған ұша салмағы 15,4 кг болып оның шығымы 44,8 пайыз немесе 
жаңа генотипті қозылардың ұшасынан 3,5 кг аз салмақ тартты (Р<0,001). 
Қазіргі нарық жағдайында ашық бәсекелестік, экономиканың тиімділік дәрежесін 
жоғарылату және бәсекеге қабілетті салаларында өнімнің өсуіне және сапасын жақсартуға 
тікелей байланысты. Осы дәрежеге жету үшін, аз шығын жұмсалатын тиімді технология 
жолын пайдалану керек. Сол себептен нарық экономикасы жағдайында, етті-майлы қой 
шаруашылығын дамытуда озық бағытарды пайдалану, етті-майлы қойлардың жақсы 
сипаттамалары, яғни тез өсіп жетілуі және жоғары ет өнімділігі, халықтың сапалы жас қой 
етінемен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазақстанда барлық түрдегі етке деген мұқтаждық, халықтың жан басына шаққанда – 
57 кг, соның ішінде қой етіне – 7 кг. Елде 15 % шамасында ет шет елдерден сатылып 
алынады.Сол себептен бірден бір әдіс, етті-майлы қой шаруашылығында, аз шығынды 
технологиямен қой етін өндіруді жоғарылату, селекциялық бағытқа сүйене отырып, қой 
тобын толықтыру, өнімділігін жоғарылату, туыстық жұптарды сұрыптау жолымен, егіз 
туылған қозылар және бір жылда бір рет төлдеудің орнына малдардың жиі төлдеуін 
ұйымдастыру керек. Олай болса қой шаруашылығында өндірілетін өнімдерді өңдеуді үдету 
қажет, ол үшін қойлардың тобын толықтыру есебінен және ана саулықтың төлдегіштігін 


63 
жоғарылату негізінде қойлардың тез көбеюінің өнімділігін арттыру, осының барлығы 
тақырыптың өзектілігі болып есептеледі. 
Тәжірибедегі қозылардың ет өнімділігі сойылымға дейінгі тірілей салмағын, малдың 
қоңдылық дәрежесін және ұшасын, сойыс салмағы және сойыс шығымын, сорттарын және 
ұшаның морфологиялық құрамын жасына қарай енесінен сүттен ажыратқанда және жазғы 
жайылымнан кейін сегіз айлығындағы жұмсақ етінің химиялық құрамының көрсеткіштерін 
анықтау арқылы бағаланды (1-кесте). 
Кесте1 – Қозыларды бақылау сою қорытындысы
Көрсеткіш 
Өлшем 
бірлігі 
4-айлық (n=3) 
8-айлық (n=3) 
жалқы 
егіз 
жалқы 
егіз 
Сояр алдындағы тірілей 
салмағы 
кг 
34,3±0,36 31,0±0,05 48,8±0,36 
45,7±0,13 
Ұшаның салмағы 
кг 
14,6±0,33 12,3±0,05 22,6±0,40 
20,9±0,40 
Іш майы 
кг 
0,50±0,08 0,46±0,07 0,64±0,05 
0,60±0,05 
Құйрық май салмағы 
кг 
2,8±0,20 
2,4±0,08 
3,2±0,14 
,0±0,21 
Сойыс шығымы 

44,0±0,43 42,4±0,30 47,6±0,57 
47,0±0,57 
Жоғарыдағы 6-кестедегі көрсеткіштерді талдасақ, сояр алдындағы тірілей салмағы 
егіз қозылардың төрт және сегіз айлығындағы жаста жалқы қозыға қарағанда 3,3 және 3,1 
кг, немесе 10,6 және 6,8%, жеңіл болды (Р<0,999). 
Егіз қозылардың ұшасының салмағы 4 және 8 айлығында жалқы қозыларға қарағанда 
соған сәйкес 2,3 және 1,7 кг немесе 13,2 және 8,1% төмен болды (Р<0,99 және Р<0,95). Егіз 
қозыда жалқыға қарағанда 4-айлық жасындағы сойыс шығымы төмен, ал 8 айлығында 
оларда онша айырмашылық болмады. 
Малдың ет өнімділік көрсеткіштері 4-айлық жасында ұшасының тауарлық түрі 
жеткілікті дәрежеде жақсы, бірақ майының толығуы шамалы болды. Осы жаста тоқты 
қошқардың ұшасының күй дәрежесі 7596-81 МемСТ-қа байланысты орташа дәрежеге 
жатқызылды. Тоқты қошқарлардың 8-айлық жасында ұшасының бұлшық еті жақсы 
дамыды, майы шамалы толды және күйі жағынан орташа жоғары дәрежеге жатқызылды. 
Ұшадағы еттің әр түрлі сорттарының шығымы ғылыми және тәжірибелілігі жағынан 
белгілі бір қызығушылық туғызады.
Еттің өнімділігін зерттеуде малдардың ұшасының жеуге жарайтын бөлшек еттерінің, 
сүйек салмағының және тарамыс сіңірлеріне қатынасын білу аса маңызды. Бұл қатынастар 
олардың белгілі өнімділік бағытына, жекешелеген ерекшеліктеріне малдың жасына және 
тұқымына, туылғандағы типтік түріне ж.б. ықпалдарға байланысты екені белгілі. 
Тәжірибедегі қозылардың ұшасының шабылу қорытындысы және олардың жұмсақ 
етімен сүйегінің (еттілік коэффициенті) қатынастары бойынша сарапау келтірілген. 
Қозылардың ұшасын бөлшектеп шауып, ұлпаларды ажыратқанда жұмсақ ет 
шығымының, сіңірінің, сүйегінің және олардың қатынастарында айта қоярлықтай 
айырмашылық байқалған жоқ. 
Еттің химиялық құрамының көрсеткіштерін талдағанымызда, екі топтағы қозылардың 
4-айлық жасында көбірек су және белок болғаны, ал 8-айлық жасында олардың 
төмендейтіні анықталды.
Құрғақ зат көрсеткіші керісінше, жасына қарай көбейіп, етінің қаттылығын 
жоғарылады, ал 4-айлық қозының етінде көбірек су болғандықтан және жұмсақ етінің 
жіңішке талшық және жұмсақ бөлігіне қатынасы оны жұғымды етеді. Сол себептен 
бақылауға сойылған жалқы және егіз тоқты қошқарлар жасына қарай 4 және 8 айлығында, 


64 
яғни сойыс шығымы, 1-ші және 2-ші сортты ет шығымы, жұмсақ етінде және химиялық 
құрамында маңызды айырмашылықтар анықталынды. 
Егіз қозылы аналық саулықтардан туған қозыларда ет көрсеткіштері жоғары болды, 
сол себептен бір ана саулықтарға есептегенде екі есе көп ет алынды, яғни экономикалық 
жағынан тиімді болып есептелді. 
Қой ұшасының мүшелік маңызы Малды мүшелеп сойып реттеу қазақ халқының 
ежелден баламасы жоқ дәстүр болып қалыптасқанымен стандарт жоқ. Мүшелеп сойылған 
қой малының әр мүшесінің салмағынан қанша пайыз шығатынын келтірдік. Сойылған 
қойлардың ұшасы қанағаттанарлықтай жағдайда болды. 
Бұлшық еттері жетілген, мойын, кеуде және белдеме омыртқаларының сабақтары 
бұлшық еттің астында жасырылған, құйымшақтың, жамбастың сыртқы беті май пердесімен 
тұтас жабылған, төстегі майының қалыңдығы 1-1,5 см жетеді. 
Қой ұшасының мүшелік маңызы зор. Әлі, сол кеңес заманынан бері келе жатқан балтамен 
шабу нұсқауларынан шыға алмай жүрміз 5111-55 МемСТ және 1935-55 МемСТ орнына 
өзіміздің отандық стандарт шығаруға болады. Ұшадағы мүшелерді маңызына және оның ет 
шығымына байланысты үш сортқа бөлуге болады.
Мысалы: бірінші сортқа екі жамбас (11,78%), екі ортан жілік (8,52%), екі асықты 
жілікті (10,48%), белдемені (6,71%), екі сүбені (13,36%), екі жауырынды (7,53%) және 
құйрықты (12,33%) жатқызсақ, яғни 70,98%-ға теңеледі. Сондай ақ екінші сортқа 
омыртқаны (5,83 %), төсті (5,20 %), екі тоқпан жілікті яғни ұшаның 15,71 %-на жатады. Ал 
үшінші сорттың үлесіне мойын (6,78 %), екі кәрі жілік (4,70 %) және құйымшақ (1,83 %), 
яғни 13,31 % тиеді.
Қозыларды өсірудің экономикалық тиімділігі. Шаруашылықтың тиімділігін 
көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – пайда, яғни табыстың жұмсалған шығыннан 
артық түсімі. Өндіріс дамуын жоспарлау мен экономикалық ынталандыру бағытында 
жүргізілген шаруашылық реформасын немесе нарықтың экономикалық тиімділігін 
бағалауда, бұл көрсеткіш өте маңызды орын атқарады.
Себебі қазіргі нарықтың экономика кезеңінде өзіндік құны төмен, бірақ сапалық 
көрсеткіштері өте жақсы өнім өндіргенде ғана қатал бәсекелестік жағдайында озып шығуға 
болады. Әр түрлі топтағы жалқы және егіз қозыларды, өсіруге жұмсалған шығын, 
азықтардың нақты өзіндік құны, еңбек ақы деңгейі мен басқа да шығындардың орташа 
көрсеткіштері, Шығыс Қазақстан 
«Керейбай» ШҚ
-да анықталды. 
Салыстырмалы топтағы жалқы және егіз қозылардың әр түрлі шығынға ұшырамай 
сақталуы нәтижесінде бір бас ұнамды саулықтардан алынған төлдерді өсіруге кеткен 
шығындар мен ет – жүн өнімдерінің сақталу бағаларының айырмасының тиімділік дәрежесі 
анықталды. 
Тәжірибелік малдардан өндірілген ет-май, жүн және тері өнімдерінің экономикалық 
тиімділік дәрежесінің, көрсеткіштерін зерделей келе ең жақсы нәтижелер егіз қозылардан 
алынған өнімнің мол екенін және тиімді екенін байқадық. 
Мұнда бір бас жалқы қозыға жұмсалған шығын 12706 теңге, ал егіз қозыға жұмсалған 
шығын көлемі 21682 теңге болды. Өндірілген өнімдердің мөлшері жағынан жалқы 
қозыларға қарағанда, егіз қозылар екі есе артық шығын жұмсалғаны, бірақ өндірілген 
өнімді сатудан түскен пайдалардың көлемі, егіз қозыларда екі есе артық екені байқалды. 
Қазіргі кезде жүн өнімдеріне деген сұраныс төмен және жүн өте арзан.
Қазір 1 кг жүннің орташа сату бағасы 150 теңге болып тұр, сол себептен бір бас жалқы 
қозыдан қырқылып алынған жүнді сатудан түскен баға 137,5 теңге, ал егіз қозылардан 270 
теңге аралығында болды. 
Қазіргі нарық жағдайы кезінде, мал өнімдері ішінде пайданың негізгі көзі ет өнімдері 
болып табылады. Нарықтық экономика заманындағы қатаң бәсекелестік жағдайына төтеп 


65 
беру үшін төлдегіштігі жоғары малдар тұқымдарын өсірудің маңызы зор. Қойлардың етінің, 
қазіргі базар нарық бағасы 550-600 теңге деңгейінде болып отыр. 
Сондықтан әрі жүнді, әрі етті-майлы қойлардың тұқымдарын өсіру - өндірудің тиімді 
жолдарын қарастыру, заман талабына сай өзекті мәселе екені белгілі. 
Біздің жүргізген тәжірибеміз осындай талаптарға жауап беретін төлдегіштігі жоғары 
саулықтарды көбейтіп, егіз қозы алу үшін жүргізілді. 
Себебі жалқы қозылардан алынған таза пайда көлемі 4199,5 теңгені құрап тиімділік 
дәрежесінің деңгейі 33,0 пайыз болғандығын, ал егіз қозылардан алынған таза пайда 9708 
теңгені құрап тиімділік дәрежесінің деңгейі 44,8 пайыз болғандығын байқатты. 
Бұл төлдегіштігі жоғары саулықтардан, егіз төл алу түрлерін өндірісте қолдану 
шаруашылыққа өте тиімді болып пайда келтіретінін көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   483




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет