158
күндігінде қант қызылшасының сабағына жұмыртқа салғаны байқалды, барлық қант
қызылшасы егілген алқаптарда қоныстанған және жұмыртқадан балаңқұрттарының
шыққаны анықталды, қант қызылшасына зиян келтіргені және қоныстанғаны орташа
есеппен 1 м
2
жерде
–
1,0-1,8 данадан кездесті.
Экономикалық зияндылық шегінен артық болған 1 шаршы метр жерде 2-3 данадан
болған жерге қызылша сабақ жеміріне қарсы Цунами, э.к., (0,1 л/га), Фагот э.к., (0,1 л/га)
препараттарымен бүрку жұмыстары жүргізілді. Зиянкес қызылша егетін алқаптардың
барлық жерлерінде таралған, бірақ жылдағыға қарағанда онша көп мөлшерде болмады.
Қыркүйектеде қызылша жапырақтарына аздаған зияндылығын тигізді. Қыркүйектің екінші
он күндігінен балаңқұрттары қыстауға кете бастады зиянкестің ересектерінің қыстауға
кетуі қазан айының аяғына дейін созылады.
Күздік көбелек
- Agrotis segetum.
Күздік көбелек бірінші ұрпағының жұлдызқұрттары
мамырдың үшінші он күндігінде қант қызылшасы алқаптарын тексеру кезінде барлық
тексерілген шаруа қожалықтарының қант қызылшасы алқабында тығыздығы орта есеппен
1 м
2
жерде
-
0,2-0,4 данадан кездесті, қант қызылшасына зияндылығы аз мөлшерде болды.
Биылғы жылы көктемде жаңбыр жауып ылғал болуынан және егістіктерге судың ерте
беріліп, суғару жұмыстары жүргізілуінен күздік көбелектің дамуы мен таралуына қолайсыз
болды. Алқаптарды химиялық бүрку жұмыстарымен мол суғару жұмыстарын жүргізудің
нәтижесінде, зиянкес жұлдызқұрттарының азайғаны анықталды. Зияндылығы қант
қызылшасына өте аз мөлшерде болды. Қызылша алқаптарын бағытты тексеру кезінде де
қоныстануы мен зияндылығы өте аз мөлшерде болды. Тамыз айындағы маршруттық
тексеру кезінде күздік көбелек 2-ші ұрпағы жұлдызқұрттарының қант қызылшасында
қоныстануы болған жоқ, тек картопта аз мөлшерде, 1м
2
тығыздығы
-
0,2 данадан болды.
Жалпы күздік көбелектің зияндылығы биылғы жылы аз болды.
Тамыр шірігі өте қауіпті және өте зиян келтіретін ауруларға жатады. Қант
қызылшасының тамыр жемістерінің шіріктермен залалдану дәрежесін анықтау мақсатында
топырақты өңдеу әдістері және тереңдіктерін есепке алу үшін өткізілген тәжірибелерде
негізгі вегетация кезінде алынды. Тәжірибелердің нәтижелерінде топырақтың әртүрлі
өңдеу әдістері және тереңдіктері тамыр шіріктермен залалданған қызылша өсімдіктерге
әртүрлі ықпал етті. Тамыр шірігімен заладанған өсімдіктердің орташа саны 6,1-14, 3%
құрады.
Достарыңызбен бөлісу: