Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет216/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер 
1. Ибатова Г.Б. Дыбыстық талдау мен жинақтау дағдыларының бұзылуы салдарынан 
болған жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын түзету-логопедиялық жұмысы: әдістемелік 
нұсқау. Алматы: 2015. – 62 б 
2.Забрамная, С. Д. Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей 
[Текст] / С. Д. Забрамная. – М. : Просвещение, Владос, 1995. – 112 с 
3.Соботович, Е. Ф. Речевое недоразвитие у детей и пути его коррекции: (дети с 
нарушением интеллекта и мотор. алалией) [Текст] / Е. Ф. Соботович. – М. : Классикс стиль, 
2003. – 160 с.
4.Лурия, А. Р. Письмо и речь: Нейролингвистические исследования [Текст] : учеб. 
пособие для студ. психол. фак. высш. учеб. заведений / А. Р. Лурия. – М. : Академия, 2002. – 
352 с
ӘОЖ 81' 373.611 
БАСТАУЫШТА БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ 
 
ТІЛ ДАМЫТУ
 
Унгарбаева Б.А.
-102-28 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Байымбетова Ж.А.

ф.ғ.к., доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент 
 
Резюме 
В статье рассматриваются проблемы развития речи в начальных классах 
посредством детской художественной литературы
 
Табиғат пен өмір әлемін поэзиялық өрнекпен біртұтас бейнеде суреттеп 
көрсететін, балалардың ойын орнықтырып, игілігіне айналдыруда, олардың сөз 
мәнісін түсінуге баулуда,тілін дамытуда балалар әдебиетінің тәлім-тәрбиелік 
мәні ерекше. 
Тәрбие – тарихи үрдіс, оған адамзат қоғамында талай ғасырды бастан 
өткізіп, қасиетті мұраларға айналып, бүгінгі жас ұрпаққа жеткеніне, 
отанымызға оралған Күлтегін жазба ескерткіші, әл Фарабидің философиялық, 
педагогикалық, дидактикалық ой-пікірлері дәлел.
Балалар әдебиетінің негізі - ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар 
әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтың ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. 
Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің алтын қоры. 
Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы осы шарттар бойынша қазақ балалар 
фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі: 
Әлпештеу поэзиясы(
бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары, 
уату-алдарқату жырлары) 


455 
Балалар әдебиетін жасаған — халық. Адамға баласынан жақын, 
баласынан артық ешнәрсе болмаған. Халық ешнәрсені де өзінің баласынан 
жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы 
қиялын өлең етіп, ән етіп тұнғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің 
дүниеге келуін, қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына 
неше алуан тілек мақсаттар қою өлеңмен жырмен, көркем сөзбен айтылған. 
Өйткені, «Адам — дүниені ұйымдастырушы», екінші жаратылысты, мәдениетті 
жасаушы күш-қуаттың иесі, адам жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін 
тану, өзін көркейту үшін туғызған — міне балаларға осыны ұғындыру керек. 
Балалар алты-жеті жасынан ой-пікірдің кереметтей күшін түсіне бастауға, 
әлеуметтік көріністердің мағынасын ұғынып, өз қабілеттерін тануға тиіс. 
Сондықтан балаларды өмірмен таныстырғанда, бұрынғы өткен заман туралы, 
еңбек процестерінің және ой-пікірдің ұйымдастырғыш жұмысының бастапқы 
кезеңі туралы әңгімелерден бастау керек» —деген М. Горькийдің пікірін 
ескерген жөн болмақ. 
Ұлы жазушымыз, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің 
«Ертегілер» деген ғылыми зерттеу еңбегінде халықтық шығармалар ішінде 
үлкендермен қатар балаларға тән, екеуіне бірдей қызмет ететін неше алуан 
қызықты материалдардың барлығын айтып, талдаулар берген. «Хайуанат 
жайындағы ертегілердің көбі балаларға арналған күлкі, жеңіл әңгіме болып та 
кетеді. Олар «Құйыршық», «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы 
торғай», «Күшік пен мысық» сияқты көптеген ертегілер[1].
М.Горький ауыз әдебиетін еңбекші халықтың ұжымдық шығармасы деп 
қарайды.«Ұжым әр уақытта өзінің шығармасын ойлылық және көркемдік
жағынан жетілдіріп отырады, мәнерлейді,шырайландыра түседі» -дейді. Бұған 
ол ауыз әдебиетіндегі бейнелерді көрсетеді. «Қаhармандардың көркемдік 
жағынан жетілген, ең терең, ең айқын кейіпкері – еңбекші халықтың ауыз 
әдебиетінде жасалады» - дейді[2]. 
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық 
педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт 
дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы 
үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри 
бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың 
тілінде сол ұлттың жері, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын 
көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, 
қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген[3].
Қазақ халқының әдебиеті ешбір халықтың әдебиетінен өзінің бай 
мазмұнымен, жанрлық әркелкілігімен, поэтикалық қуатымен салыстырғанда 
кем емес екені белгілі. Бірқатар ғалымдарымыз бен әдебиет зерттеушілеріміз 
қазақта А. Гайдар сияқты балалар әдебиетінің ұлы тұлғалы дербес өкілдері 
болмаған соң балалар әдебиеті жоқ деп те келді. Қазақ балалар әдебиетін тек 
Ыбырай Алтынсариннен бастау қажет деген пікірлердің болғаны да анық. Ол 
жалпы әдебиеттік мұрадан дараланып бөлінбеген, сонымен бірге жасасып келе 
жатқан жалпы мұра деп айтушылар да табылған. Мұның бәрі де балалар 


456 
әдебиетінің жалпы структурасына жете түсінбегендіктен жеңіл-желпі айтыла 
салған пікірлер еді. Керісінше қазақ балалар әдебиетінің де өсу, өркендеу, даму 
жолдарының болғандығы күмәнсіз. 
Бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары: халық ауыз әдебиетінен 
басталады. Балалар әдебиеті XIX және XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген 
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт 
Торайғыров, Спандияр Көбеев т.б. ақын-жазушыларымыздың балалар 
әдебиетіне қосқан мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық 
мәнді әдебиет болды.
Балалар әдебиетін зерттегенде, оның төмендегідей басты-басты алты 
түрлі ерекшеліктеріне тоқтауға болады. 
Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың 
ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың
нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып 
отыруын қажет етеді. 
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы 
шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, 
мағыналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «ах, не 
деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»» деп отыратындай болуы тиісті. 
Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру 
шарт. 
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу 
өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның 
дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың 
тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. 
Одан соң оның, неден шыққан себептерін іздестіре бастайды. 
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды 
шебер бейнелеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. 
Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық 
қабілетін арттыра түседі.Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. 
Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен идеясы 
олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға 
себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке 
әуестендіре білуі керек. 
Алтыншыдан, «Сөз - әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. 
Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін сол. 
«Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін искусство»,-деген М. Горький. 
Балалар әдебиеті деген не? Оның мақсаты қандай? Балалар әдебиеті - жас 
буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік 
моральге тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты — мектеп жасына дейінгі 
үш жасар баладан бастап, 16 жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде 
жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беруді көздейді. Осының 
барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол 
ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет