267
Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипетік галактикалар жатады. Олардың
кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте
жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.
Сыртқы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге
топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер
енгізді: Е0 (сфералық), E10
(қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні,
құймақ нанға ұқсайды)
. Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі
түрге бөлді: жалғастырғышы бар
(белгіленуі Sb)
, жоқ
(белгіленуі S)
және
ядроларының өлшеміне қарай үш түрге
1.
'Sa
(ең ірі ядро)
,
2.
Sb
(орташа ядро)
,
3.
Sc
(кіші ядро)
, сол сияқты
Sba
,
Sbb
,
Sbc
деп бөлінеді. Барлык бұрыс
галактикалар бір белгімен 'ir
деп белгіленді.
Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80%-ы спиральді,
17%-ы эллипсті және 3%-ы бұрыс галактика. Галактикаларға дейінгі
қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: цефейдтер, жаңа және аса
жаңа жұлдыздар, өте жарық, жұлдыздар бойынша т. с. с.
Адамзат тіршілік ететін Жердің айналасындағы ғаламшарлар тізбегі
шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын қалыптасқан. Ал үлкен дүмпуден кейін
бүкіл ғаламның ретке келуі 13,8 миллиард жыл бұрын болған. Не бірнеше
миллион жыл ерте не кеш орын алған болуы мүмкін. Бұл ғалымдар ұсынатын
дәстүрлі гипотеза. Демек ғалам біздің Күн жүйемізден үш есе ерте пайда болған
екен.
Астрономдар ғаламның бір бөлшегі болатын «Құс жолы» галактикасын да
шамамен 13,2 миллиард жыл бұрын қалыптасуы мүмкін екенін айтады. Ол
үлкен жарылыстан кейін пайда болған кішкене галактикалардың спирал тәрізді
кейіпке енуі кезінде жүйелене бастаған. Ал осыдан 8,6 миллиард жыл бұрын
біздің галактика дербес болып қалыптасады. Одан кейін Күннің қалыпты
энергия тарату жүйесі тұрақталып, айналадағы ғарыш нысандары бірігіп
ғаламшарларға айналады.
«Құс жолы» галактикалардың спиральді шоғыры белгілі бір айналу осіне ие.
Біздің галактикамыз өз осімен 220 миллион жылда шамамен бір рет айналып
шығады екен. Демек, ол бірқалыпты жүйеге ие болғалы небары 60 рет
спиральді айналып үлгерген.
Жер өзге ғаламшарлар секілді бастапқыда газ бен тозаңнан тұрған. Мұндай
үдерісті қазіргі кезде де көруге болады. Орион, Бүркіт және Тарантула
тұмандықтарында қазірдің өзінде де жаңа жұлдыздар қалыптасуда. Мұны
орбитадағы Хаббл телескобының түсіріп алған суреттеренінен көруге болады.
Ғалымдар тұмандықтықтағы кішкене қара дақтардың жаңадан қалыптасып
жатқан жұлдыздар екенін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: