385
міндеттерді іске асырады.
1.
Дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды.
2.
Оқушыларды
өздерінің
физикалық
және
психологиялық
денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады.
3.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен
тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасалған.
4.
Оқушылардың қозғалыс дағдыларының дамуы, атап айтқанда,
олардың төзімділігін, ширақтылығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін
дамытуға әсер етеді.
«Дене шынықтыру» сабақтары оқушылардың ағзасын дамытуға және оның
дене белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірден-бір пән. Оқушылар түрлі
жаттығуларды орындауға, дене қабілеттерін дамытуға және жетілдіруге
мүмкіндік беретін жан-жақты құрастырылған оқу бағдарламасы арқылы аталған
міндетке қол жеткізуге болады. Нәтижесінде оқушының бойында дене тәрбиесі
жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң әсері туралы білім жүйесі
қалыптасады. Ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене сапаларын
жетілдіру-дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты болып табылады. Дене
шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол
оқушының дене дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін
қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінің құрамында бола
отырып, дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталған. Осындай жол арқылы болашақта салауатты әлеумет қалыптастыруға
болады. Сонымен қатар, дене шынықтыру сабағындағы негізгі қағидаттардың
бірі-белсенділік. Белсенділік – адам орындайтын іс-шаралардың өлшемі, оның
жұмысқа тартылу деңгейі.
Қорыта келгенде бастауыш сынып оқушыларының бойында
салауатты өмір салты дағдыларын дамытуда негізгі мектептің алатын
орны ерекше. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай салауаттылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.
Бастауыш сыныптағы әр бір пән оқушының дене дамуына, сондай-ақ
әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: