9
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай
жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін
көрсете келіп, қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа
жатпа деп, оларды балаларға үлгі ете отырып, еңбек етуге шақырды.
Балалар өздері қалаған шығармаларынан мульфильм жасауға
болатынын қуана қабылдады. Әрі қарай балаларды мульфильм түрлерін
(салынған сурет, ермексаздан бейнелерді мүсіндеу немесе қуыршақтардан
құралған) таңдау ұсынылып, өздері қандай мультфильм түрін түсіргілері
келетіні таңдалды. Балалар
кішкентай аниматорлар болып, мультфильмді
ермексазбен бейнелеуді таңдады. Ол үшін бізге сценарий, кейіпкерлер,
декорация керек екенін түсініп, дайындауға кірісті. Алдымен кейіпкерлердің
диалогі мен олардың көңіл-күйлеріне назар аудара отырып,
сценарий
құрылды. Мультфильм жасау үшін аниматорларға не қажет екені талқыланып,
олар топтарға бөлініп бір топ кейіпкерлерді; атаны, баланы, құмырсқаны,
өрмекшіні, қарлығашты бейнелеуге кіріссе, енді бір топ балалар қажетті
заттарды; өрмек,
нан талшығы, қарлығаштың аузына тістеген шөбін, фонға
керекті ағаштарды мүсіндеді, бір топ балалар декорация жасауға кірісті.
Жұмыс барысында балалардың бірін-бірі тыңдап, көмектесіп, бір-
бірімен
келісе топтасып жұмыс жасауы, рөлдерге бөлінуі, өз ісін аса
қызығушылықпен орындауы қуантты.
Барлығы дайын болған соң, балалар рөлдерге бөлініп, сценарий
бойынша кейіпкердің әр ісі жеке кадрларға түсірілді. Кейіпкердің әр қимыл-
қозғалысы неғұрлым анық болуы үшін кейіпкерді әрекетіне
сәйкес қозғап, әр
қымыл-қозғалысына кадрлар жасалады. Сценарий бойынша әр қимыл-
қозғалысқа қарай декорация өзгертіліп тұрады. Кадрлар түсіріліп, дайын
болған кезде, кейіпкерлердің рөлдегі сөздері аудиожазбаға нақтыланып
жазылады. Әрмен қарай барлық материалды жинап өңдейміз. Бейне
өңдегішіне түсірілімді жүктеп және оны ретімен біріктіреміз.
Одан соң
аудиожазбадан дыбысты қосу, кадрлар арасында ауысуларды қосып, өзімізге
қажетті жылдамдыққа қоямыз. Өңделген мультфильмді қалаған форматта
сақтауға болады.
Бұл жобаның балаларға берер әсері мол. Балалар бұл жобаны соңына
дейін жеткізгендеріне, өз жетістіктерін көріп қуанды. Жоба балаларға қуаныш
сыйлап қана қоймай олардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізді.
Ермексазбен жұмыс жасауда баланың ұсақ моторикасы дамиды, мидың екі
жарты шары бір уақытта жұмыс істеуге үйренеді, қиялы,
ойлауы дамиды,
шығармашылық қабілетін ашады, зейінділігін арттырады, эмоционалды
жағдайды қалыпқа келтіреді, бұл әсіресе гиперактивті балалар үшін маңызды,
баланың ойнап отырып, байланыстырып сөйлеу дағдылары жақсарады және
де болашақта жазу мен сурет салуды тез үйренуге көмектеседі. Балалардың
ақпараттық мәдениеті мен ойлау логикасы
дамиды және құрдастарымен,
ересектермен шағын жобалық топтарда бірін-бірі тыңдап, бір-бірімен келісіп,
бірлесе жұмыс істеуге үйренеді.
Бұл жобада мультфильм жасауды Ы.Алтынсариннің шығармаларымен
біріктірген себебім балабақша қабырғасынан кішкентай бүлдіршіндеріміз
10
ұлағатты ұстаздың шығармаларын тыңдап тәлім-тәрбиесін құлағына сіңіріп,
еңбекқор, адамгершілігі мол, мейірімді, үлкенді құрметтейтін бүлдіршіндер
болып өссін деген мақсатпен алынды. Болашақта Ы.Алтынсариннің
педагогикалық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруды жоспарлап отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: