Список литературы:
1. Бычкова С.Ф. Перспективы развития. - Алматы, 2006.
Жетпісова А., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Төлепенов Ж.К., аға оқытушы
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗУЫ
Мақалада бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерді бұзуға қарсы қылмыстық-құқықтық күрестің теориялық-қолданбалы мәселелері зерттелген,аталған қылмыстың толық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы берілген, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы қылмыстық заңдылықты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасалған.
Кілтті создер: Әскери прокуратура, Қарулы Күштер, әскери тәртіп
The theme of the this research represents questions of the criminal-legal fight with breaches of the authorized rules of the relations between military men in the absence of between them relations of subordination, is given criminal-legal feature, as well as are worded concrete offers on improvement of legislation in sphere of the military authorized relations.
Keynotes: legislative, military authorized relations, rules
Әскери прокуратура органдарының жауапты тұлғалары үшін, Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үшін және әке-ана, бауырлар үшін тәуелсіз мемлекетімізде әскери тәртіпті нығайту мәселесі алдыңғы орында. Көзді жұмып,бәрі жақсы деуге тағы болмайды. Толық қоғамға және мемлекетке тән барлық дерлік негативті және позитивті үрдіс әскерде көрініс табады. Біз әскери тәртіп жағдайына талдау жасап,әскери қызметшілердің құқық бұзуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен себептерін анықтап, оларды жоюға шаралар белгілеп, прокурор тұрғысынан қадағалауды күшейтуіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және басқа да әскерлер мен әскери құрамаларындағы әскери тәртіпті нығайтуға қатысты мәселелер көптеген нормативті құжаттармен реттеледі. Қарулы Күштердің жалпы әскерлер жасағы Жарғысына Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары: 1994 жылы 23-қарашада қабылданған «Әскери тәртіпті нығайту шаралары және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құқық бұзушылармен күресті күшейту туралы» және 1995 жылы 17-наурызда қабылданған «Қылмыспен күрестің шұғыл шаралары мен құқықтық тәртіпті нығайту туралы», 2005 жылы 28-қазанда қабылданған «Әскери қылмыстар туралы сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы сотының нормативті Қаулысы және басқа да нұсқаулары мен бұйрықтары кіреді. Осы нормативті құжаттарға сүйене отырып, соған сәйкес жоспарланған шаралар өңделуде және әскери тәртіп жағдайларына талдау жасалынуда.
Алайда, біз қабылданып жатқан шаралардың кемшіліктері мен тиімсіздігін анықтап, жұмыста формализм мен бір қалыптылығын басым етіп, жаңа әдістер мен тәсілдердің болмауын қадағалауға тиіспіз.
Бізді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті бұзу, жарақаттану мен өлімнің, сонымен қатар жарғылық емес қатынастар санының өсуінің жалғасуы толғандырмай қоймайды. Прокурорлық бірнеше тексеріс тәртіптік дөрекі қылмыс жасаудың сандық көрсеткіші, әскери тәртіптің жағдайы жұмыстың нақты жағдайына тойтарыс бермейді. Көбінесе әскери тәртіптің дөрекі қылмыс фактілері әскери бөлімдердің сол орындарында және орталық әскери басқару орталықтарында жасырылып, сырт көзге әскерде алдамшы амандық пайда болады.
Мысал ретінде, 31431 әскери бөліміндегі контрактілі қызметтің старшинасы Агыбаев Ж. мен қатардағы жауынгер Керінбаевтың арасындағы жарғылық емес қарым-қатынасын келтірсем болады. Көрсетілген факті бойынша Аягөз гарнизонының әскери прокуратурасында қылмыстық іс қозғалды.[1]
Былтырғы жылмен салыстырғанда бөлімді өз еркімен қалдыру, қызмет жағдайын теріс пайдалану, қарауылдық қызметті бұзу, мемлекеттік меншікті ұрлау және қарулар мен ату жарақтарына қатысты қылмыстар саны айтарлықтай өзгерген жоқ. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде жарғылық емес қарым-қатынаспен байланысты қылмыстар саны да бұрынғы күйінде қалды.
Көрсетілген мәселелердің себептерін талдай келе, келесіні айта кеткен жөн: жауынгерлік дайындау ұйымының командирлік іс атқару жұмысының нашарлығы, жеке тәрбиелік жұмыс, әскер ұжымының моральды-психологиялық тұрғыда немқұрайлы білімі, формализмнің басымдығы және тиісті міндетті тұлғалардың жұмысында жауапкершіліктерінің жоқтығы. Әскер қатарына шақырылған жас солдаттардың психологиялық бейімделу мәселесіне міндетті көңіл бөлінбейді. Суицидке алдын алу шаралары нашар ұйымдастырылған. Ең үлкен мәселелердің бірі «дедовщиналықтың» көптеп таралуында. Тіл тигізу және күш көрсету жағдайларының тәжірибе жүзінде барлық әскери бөлімдерде болатындығын мойындағанымыз жөн. Әскери шарттарындағы криминологиялық специфика әскери қызметтің демографиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және басқа да ерекшеліктерімен байланысты болып табылады.
Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсем,
қарулы күштерде 18-27 жас аралығындағы жастар шоғырланған, ал бұл жас аралығы бүкіл әлемде қылмыстық белсенділіктің ең жоғары көрсеткіші болып табылады.
Солдаттар мен сержанттар ата-ана, бауырлары, жақындарынан және криминологиялық уәждің әлеуметтік-психолгиялық негізі болып табылатын еңбек ету, тынығу сияқты жалпы өмір сүрудің күнделікті іс әрекеттерінен ажырайды.
әскери қызметкерлердің мінез-құлықтары, өмірі, күнделікті тіршілігі, демалуы максималды түрде регламенттелінген және кей жағдайда құқыққа қарсы мінез-құлық ретінде сараланып, алаңдаушылық туғызуы мүмкін.
Жас ерлердің жабырқаңқылық пен тұйықтық мінездерінің басымдығы казармалық шарттарда жеке дара қақтығыстың жиілеуіне апарып соғады.[2]
Әскери тәртіпте құқық бұзушылар қылмыстық жаза тағайындау сияқты әр түрлі әдістерге сүйенеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінің 370-бабына сәйкес бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу – екі жылға дейінгі әскери қызметі бойынша шектеуге не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауға жазаланады. Дәл сол әрекет бірнеше рет, екі немесе одан да көп адамға жасалса; адамдар тобы, алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; қару қолданып жасаса; денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірсе – бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер – он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 369-бабында бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттерге қатысты, 371-бабында әскери қызметшіге тіл тигізуге, 380-бабында билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігіне қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған. әскери қылмыстың алдын алуда, әсіресе жариялық емес қарым-қатынаста қылмыстық іс бойынша сот прцесінің пайдасы зор болып табылады.[3]
Алайда, 2001 жылы 21-маусымда жәбірленуші мен кінәлі тұлғаны татуластыруға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «ҚР Қылмыстық кодексінің 67-бабының қабылдануы бойынша сот тәжірибесі» нормативті Қаулысы жарыққа шыққандығын айта кеткен жөн. Қаулының 14-бабында «бір уақытта екі объектіге қастандық жасау жұмысына қатысты Қылмыстық кодекстің 67-бабы қолданылатындығы...» айтылады. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 67-бабы қызметтің белгіленген тәртібіне қастандық жасау, тікелей жеке дара арасындағы қарым-қатынасқа қатысты әскери қылмыстарға қылмыстық істің негізі ретінде қолданылады. [4]
Ережеге сәйкес, жаңадан қабылданған әскери қызметшілерді өздерінен үлкен қызметкерлер, кей жағдайда командирлер қысымға алып, еріксіз түрде кінәлі тұлғамен татуластырады, соның нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылып, кінәлі тұлға жазадан босатылады. Міне, осындай жағдайлар жарғылық емес қарым-қатынасқа әкеп соқтырады.
Осылайша тұлғаның жасаған қылмысына сай лайықты жазаланбауынан жазаның бұлтартпастығы - қылмыстық құқықтың жүзеге асырылмаған қағидасы болып қалады. Бұдан кінәлінің жазаланбауын көрген жас күресшінің психологиясы зардап шегеді.
Әскери қызметшілердегі тағы бір ірі мәселе ретінде есірткі қабылдау мен алкогольді ішімдік қолдануды айтсам болады. Соңғы жылдар көрсеткіші бойынша әскери қызметкерлердің зорлау қылмысына апаратын жағдай кінәлі тұлғаның немесе жәбірленушінің мас күйде болуы. Зерттеу жұмыстарындағы мәлімет бойынша мас күйде зорлау қылмысынтарының 17%-ы кінәлі, 7%-ы жәбірленуші тұлғалар. Осындай жағдайда жәбірленушілердің 21%-ы өз еркімен бөлімнен кетті, 0,4%-ы өзін-өзі өлтіргендер, 0,2%-ы зорлауға жауап қайтарып, ақысын алғандар.[5] Мұндай жағдай әскеи бөлімдерде көптеп кездесетінін және қаншама әскери қызметшілер осы қылмыстың құрбаны боп жатқандығын біле тұра, көбісі жоғарыда атап өткен әділетсіздікке жол береді, әскери қызметшілердің тек 14%-ы ғана өзінің зорланғаны жөнінде әскери қолбасшыны ақпараттандырған. Осы жағдайға қатысты 1992 жылы 18-желтоқсанда қабылданған (1998 жылы 15-мамырда және 2004 жылы 18-маусымда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының « Заң шығару органының сот тәжірибесінде жеке және заңды тұлғаның өз намысын, абыройы мен іскерлік беделін қорғау» туралы нормативті Қаулысы қабылданды. Яғни намыс – бұл дегеніміз, тұлғаның қоғамдағы бағасы, оның әлеуметтік және рухани сапасының өлшемі; абырой – бұл дегеніміз, тұлғаның өзінің жеке қасиеттеріне, қабілетіне, қоғамдағы орнына, дүниеге көзқарасына өзіндік баға беруі; іскерлік бедел – бұл дегеніміз, тұлғаның қоғам ойымен анықталатын іскерлік абыройы.[6]
Сонымен қатар,таң қаларлық жағдай Қорғау Министрлігінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі департаменті, басқа да әскерлердің аналогиялық құрылымдық бөлімшелері және әскерлік ұйымдарда жоғарыда аталған құқықбұзушылықтарға ескерту жасау мен алдын алу мақсатында жоспарланған тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық шаралар өткізілмейді. Мұндай шаралардың өткізілмеу себебі ретінде жүзеге асыру дисциплинасының әлсіздігі деп көрсетсем қателеспеспін.
1998-2010 жылдар аралығында елімізде 17175 әскери қылмыс тіркелген, оның 18%-ын өзара қатынастың жарғылық ережесін бұзғандарға қатысты әскери қылмыстар алып тұр. Алайда тек осылар басқа да қылмыстардың жасалынуының азық ортасы болып табылады : әскери қызметтен ауытқу, күштеп алушылық ( ұялы телефонға бірлік толтыру), ату жарақтары мен қарулар ұрлау, бастыққа қатысты зорлау әрекеттері және т.б. Статистикалық мәліметтер бойынша әскери қызметшілер арасындағы өзара қатынастың жарғылық ережелерін бұзу басқа әскери қылмыстар категориясының 68%-ына , ал жалпы қылмыстың 32%-ына себеп болады екен.[7]
Қорытындылай келе, осы мәселеге қатысты мынадай ұсыныстар енгізгім келіп отыр:
әскери қызметкерлердің ұлттық біркелкі еместігі яғни ұлтқа, жұзге бөлінуінен пайда болатын қарсылық, қақтығыстар әскери күштеу қылмыстарына мүмкіндік туғызатын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Қолбасшының немесе бастықтың әскери тәртіпті нығайту қызметінде негізгі құнды белгісі - оның алдын алу шаралары, сәйкесінше жеке тұлғаның моральды-психологиялық жағдайы болып табылады. Осыған байланысты әскерлерде діни-тәрбие жұмыстары институты ашылса деймін.
Достарыңызбен бөлісу: |