ДӘРІГЕР ШАҚЫРУ
Алло,бұл жедел жəрдем бе?
Жедел жəрдем тыңдап тұр
Дəрігер шақыруға бола ма?
Болады,мекен-жайыңызды айтыңыз.
Мен...көшесінде тұрамын
Үйдің, пəтердің нөмері?
Үйге калай баруға болады?
Абай даңғылы мен Əуезов көшесінің қиылысқан бұрышы
Аурудың аты-жөні кім?Жасы қаншада?
Елу алтыда.
Иə,не болды?
Ауырып қалды.
Қашаннан бері,
қай жері ауырады?
Басы ауырады(жүрегі, асқазаны,дене қызуы жоғары, іші өтеді .б.)
Күтіңіз!
Өтінем, тезірек келсеңіздерші.
Кіруге бола ма? Сəлеметсіз бе (амансыз ба,есенсіз бе)?
Мархабат! Кіріңіз!
Қолды қайда жууға болады?
Осында, мына бөлмеде
Хал-ахуалыңыз қалай?
Қашаннан бері науқастанғаныңызды сезіндіңіз?
Екі-күннен бері сырқатпын.
Қай жеріңіз ауырады.
Басым қатты ауырады.
Басыңыз айналады ма?
Иə, айналады (айналмайды), буындарым сырқырайды, ентігемін, жөтелемін, көзім ауырады. Жүрегім (асқазаным, белім) ауырады.
Бауырым (асқазаным, бүйрегім) аурушы еді
Қызуыңыз жоғары ма?
Білмеймін, өлшеген жохпын.
Сізде градусник бар ма?
Бар (жоқ).
Градусникті алып қызуыңызды өлшеңіз.
Отыз сегіз де бес.
Сізді тезірек ауруханаға жатқызу керек.
Мені қай ауруханаға алып барасыз?
Кардиалогия институтына(орталық қалалық ауруханаға...)
Облыстық (аудандық) ауруханаға.
Қай бөлімше?
Кардиалогияға, терапияға,хирургияға т.б.
Ауруханаға жатуға келісесіз бе?
Келісемін.
Достарыңызбен бөлісу: |