Сборник задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa



Pdf көрінісі
бет9/115
Дата17.10.2023
өлшемі3,45 Mb.
#186180
түріСборник задач
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
Байланысты:
ПИЗА ДАЙЫНДЫ0 ТАПСЫРМАЛАРЫ қазақша (1)

 
17-
тапсырма.
Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап
қорытынды жазды.
Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа 
салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол 
суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз 
араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап 
жүреді.
Себебін түсіндіріңіздер.
18-
тапсырма.
Биология сабағында мұғалім: адам орманға барғанда тынысы кеңіп, жеңіл 
демалатынын айтты. Оның себебі өсімдіктер адамның тыныс алуына қажетті 
оттегін бөледі. Өсімдіктердің оттегін бөлетінін дәлелдеу мақсатында келесі 
тәжірибені ұсынды. Ауа кіргізбейтін қақпағы бар биік, мөлдір шыны ыдыстың 
ішіне арнайы ыдыста өсіп тұрған өсімдікті (немесе өсімдіктің бір бұтағын) 
салып қойды (суреттегідей). Оны жылы, жарық жерге қойды (егер өсімдік 
оттегін шығаратын болса, шыны ыдыстың ішінде ол көп болуы тиіс) (6-сурет).
1-
2 тәулік өткеннен кейін мұғалім оқушыларға «шыны ыдыстың ішінде 
оттегі жиналды ма?» деген сұрақ қойды.
Сұрақ: оттегінің бар екенін дәлелдеңіздер.
6-
сурет – Шыны ыдыспен жабылған өсімдік


12 
 
19-
тапсырма.
Кремний хлориді (ІV) SiCI

– 
түссіз, ұшқыш сұйықтық. Ақ түтін пайда 
болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында 
кремний хлориді (ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі:
SiCI

+ 4H
2
O = H
4
SiO
4
+ 4HCI.
Бұл реакцияның нәтижесінде кремний қышқылының (H
4
SiO
4
)
қатты 
бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады.
Сұрақ: бұл түтінді қайда пайдалануға болады?
Келесі (20-23) тапсырмаларға өз ойларыңызды жазыңыздар және 
дәлелдеңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет