№
р/п
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес етістіктер
1
Білу
Аудару, есте сақтау, айту, көрсету, аяқтау, қайталау, әңгімелеу,
еске түсіру және т. б.
2
Түсіну
Талқылау, анықтау, айту, сұрау, түсіндіру, тұжырымдау,
түрлендіру, көрсету және т. б.
11
3
Қолдану
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету,
анықтау, іске қосу, зерттеу, эксперимент жүргізу, кескіндеу,
түсіндіру, салыстыру, жоспарлау, көрсету, жобалау, шешу,
пайдалану және т. б.
4
Талдау
Талдау, топтастыру, есептеу, категорияға бөлу, жіктеу, салыстыру,
байланыстыру, талқылау, ажырату, айыру, зерттеу, тәжірибе жасау,
түсіндіру, шығару, реттеу, болжау, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру
және т. б.
5
Синтез
Топтастыру, жинау, біріктіру, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау,
қорыту, зерделеу, өзгерту, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау,
ұсыну, қайта топтастыру, жазу, орнату, анықтау және т. б.
6
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру,
дәлелдеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, жіктеу, ұсыну, бөлу,
жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, ұсыну, рецензиялау.
Педагогтерге көмек ретінде әзірленген нормативтік құқықтық актілер
және әдістемелік материалдар көмек ретінде ұсынылады:
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы өзгерістер мен толықтыруларға
сәйкес);
- формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (5-9 сынып);
- жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (5-9 сынып);
- формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (10-11 сынып);
- жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы (10-11 сынып).
Әдістемелік ұсынымдарды
nao.kz, smk.edu.kz
сайттарынан алуға болады.
Даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы
оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық
бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін ТЖБ
бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізеді.
Балдары өзгертілуі тиіс болатын білім алушылардың тоқсандық жиынтық
жұмыстарының модерациясы жүргізілген жағдайда олар қайта тексеріледі.
Модерация қорытындысы бойынша тоқсан ішіндегі жиынтық жұмыс үшін
балл өсу жағына да, азаю жағына да өзгеруі мүмкін.
Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын
туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты,
барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және
ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық
бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.
Ағымдағы
тоқсан/жартыжылдық
аяқталғанға
дейін
жиынтық
жұмыстарды тапсырмаған жағдайда білім алушыға жиынтық жұмыстарды
тапсырғанға дейін «уақытша аттестатталмады» деген белгі электронды
журналда
қойылады.
Тапсыру
қорытындысы
бойынша
төртінші/жартыжылдық баға қойылады.
12
Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру
технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.
Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау
қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан
өтпеген болып есептеледі.
Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте
сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.
Білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде
(қағаз/электрондық) журналға қойылады және балды бағаға ауыстыру
шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.
Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға
және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе
электронды нұсқада беріледі.
Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық
бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста
қойылады.
Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде
карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
кезінде және уәкілетті органның шешімі бойынша қашықтықтан оқыту
нысанында оқыту кезінде тоқсандық баға қалыптастырушы бағалау мен БЖБ
және ТЖБ нәтижелері бойынша тиісінше 50% пайыздық арақатынаста
қойылады.
2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық
бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар
жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және
қорытынды баға болып табылады. Тоқсандық, жылдық және қорытынды
бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.
Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы
көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және
тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының
қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп,
директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен
беріледі. Білім алушы бұрын қандай да бір пән оқытылмаған мектептен
ауысқан жағдайда «тоқсан үшін баға» бағанына «оқытылмаған» белгісі
енгізіледі. Бұл жағдайда білім алушыға оқу пәні бойынша жылдық баға осы
пәнді оқу кезінде одан әрі ағымдағы оқу жылында алынған тоқсандық бағалар
сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
Осыған байланысты бөлім бойынша жиынтық бағалаудың максималды
саны тоқсанда 3-тен артық болмауы қажет, 4 және одан да көп бөлімдерді
меңгеру қажет болған жағдайда, мұғалім
оқу мақсаттарын есепке ала отырып,
бөлімдерді біріктіреді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын
құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік
ұсынымдарда көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа,
13
мұғалімге өздігінен бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол үшін
мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |