— (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
— О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
— Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
— (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
1-жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |