Сценарий (Қазақша сценарий) Желтоқсан 9, 2018 Наурыз мейрамына арналған «Жаса, Наурыз, Дәстүрлі»


Қыдыр ата: Бәрекелді! Бәрі де білімпаз балалар екен. 2-жүргізуші



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі37,92 Kb.
#97250
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
22 Наурыз мейрамына арналған мерекелік кешке сценарий

Қыдыр ата: Бәрекелді! Бәрі де білімпаз балалар екен.
2-жүргізуші: Қыдыр ата, Наурыз қыз, бізде Быржан мен Сараның өнерпаз ізбасарлары да бар. Ортаға шақырайық.
(ортаға қолдарына домбра алған екі оқушы шығады)
Наурыз айтыс
Ұл: Мирас
Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз.
Наурызға айналсын
Бүгінгі жыр мен әніміз.
Наурыз деп, ей қыздар,
Кел шырқайық бәріміз.
Қыз: Камила
Көптен күткен айымыз
Келген шақта Наурыз,
Шараларға толғанда
Наурызкөже бал–уыз,
Досым әнін бастасын,
Қоштауға біз дайынбыз.
Ұл:
Қыздарға бұл не болған,
Тоймаған ба көжеге,
Ұқсайды екен шөжеге
Шөже, шөже, шөжелер,
Шөжелерге көже бер.
Қыз:
Жамыраған қаздай,
Маңыраған қозыдай,
Бірін–бірі тыңдамай
Ән салатын ұлдар–ай!
Көже көрсе тап беріп
Бас салатын ұлдар–ай!
(ортаға оқушылар шығып Наурызға арналған өлеңдер оқиды)
1-оқушы: Камила
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүт бұлағын ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!
2-оқушы: Айдар
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларын,
Құтты болсын тойларың!
3-оқушы: Темірлан
Наурыз – көктем тойымыз,
Той дәмі мол, тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз.
Наурыз өнер жарысын
Бастады жас, кәрі үшін.
4-оқушы: Рахат
Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған.
Тойын жасап ед енді,
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
5-оқушы: Абылайхан
Ұлыс күні кәрі–жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның,
Қош келіпсіз, Наурыз,
Құтты болсын қадамың!
6-оқушы: Алишер
Жаса, Наурыз, ойлымыз,
Жаса, көктем, тойымыз!
Ел дәстүрлі – арымыз,
Той бастығы – кәріміз.
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзін үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде!
7-оқушы: Еркежан
Наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурызкөже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурызкөжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы…
Қыдыр ата:
Бәрікелді! Барлығы да сайрап тұр екен. Тіл – көзден сақтасын!
Менің әлі баратын жерлерім көп.
Наурыз:
Мына кішкентай бүлдіршіндерге батаңызды беріңіз.
Қыдыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсан,
Ақ тілекті төгейін.
Қиып түсер қыран бол,
Ел – жұртқа ұран бол!
Даңқың кетер алысқа,
Бейбарыстай ұлан бол!
Оза шауып бәйгеден,
Озып келер құлан бол!
Ақ көңілді шынар бол,
Жақсылыққа құмар бол!
Сүйсінердей іс жасап,
Ел – халқына тұмар бол!
Қиындықтан сөз табар
Жиреншедей шешен бол!
Жетпіс тілді меңгерген
Фарабидей көсем бол!
Жапырағы жайқалған
Қарттарымдай есен бол!
Әумин!
(Қыдыр ата кетеді. )
2-жүргізуші:
Ұл –қызымыз жайнап тұр,
Өнерлерін сайлап тұр.
Біздің қара шаңырақтың құты ғой,
Қасиетті қара қазан қайнап тұр.
Сыйлаған жандар атасын,
Көжеден дәм де татарсың.
Тілейік қабыл болсын деп
Қыдыр атаның батасы.
1-жүргізуші:
Салт –дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша.
Кеңпейіл, дархан халқымыз,
Кеңейді дәстүр-салтымыз.
Дәстүрін елдің сыйландар,
Дәстүрлі салтты тойландар.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Кітапханашы:
Салт-дәстүрмен жарасса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!, — деп құрметті балалар салт-дәстүр конкурсын бастайық. Бірінші сұрағымыз:

  • Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіндер (білгенінше)

  • Наурыз көже қанша дәмден дайындалады? (жеті)

  • Үрлеп ойнайтын музыкалық аспап (сыбызғы)

  • Өрнекті тақыр кілем (алаша)

  • Қазақтың қандай ұлттық мейрамдарын білесіндер (білгенінше)

  • «Киіз үй» құралдарын ата? (білгенінше)

  • Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей (шолпы)

Кітапханашы: Бәркелді, бәрекелді, оқырмандарымыз қандай тапқырлық таңытты.
Конкурсымызды жалғастырсақ қалай қарайсындар?
Онда келесі ұлттық тағам конкурсы. Шарты: сөздердін мағынасын ашып беріңіздер: мысалы:

  • Қонақасы- (қонақтарға арналған ас)

  • Көже – (сусын көже жаз мезгілінде дайындайтын)

  • Сорпа –

  • Тұздық –

  • Қуырдақ – (құырылған ет)

  • Айран – ашыған сүт

  • Құрт- ашыған сүттен дайындалган тағам

  • Ірімшік

  • Шелпек —

«Ән шашу» әні
2 Жүр: Бәркелді, жарайсындар балалар ! Енді қазақ ертегілеріне тоқталып, біраз ойнасақ: мен сөздің басын айтсам, сіздер жалғастырсаңыздар мысалы:

  1. Алдар………. Көсе

  2. Қобланды ………батыр

  3. Алпамыс……………батыр

  4. Баян……………..сүлу

  5. Қозы ………Көрпеш

  6. Жалмауыз…………кемпір

  7. Ер…………. Төстік

Бәрекелді, жарайсындар ! Қандай керемет тапқырлық таныттыңыздар!
«Қазақ биі» биі
1 Жүр: Ал балалар, қазір «Балаға ат қою» қазақ халқының салт- дәстүрін тамашалайсындар.
Кітапханашы: Құрметті оқырмандар, қонақтар, бүгінгі біздің кітапханада өтетін Наурыз мерекесіне қош келіңіздер! Наурыз мерайрамы құтты болсын!
Сахналық көрініс Балаға ат қою»
«Балаға ат қою» — салт дәстүрдің көрінісі. Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлерсәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталған. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде баланың атын молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына «Сенің атын Айсауле» деп , үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескереледі. Ата – аналар бала есімінің мағыналы, әрі көркем болғанын қалайды. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына «Ұлбосын» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар балаларына: «Қуаныш», Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді.
Ән
2 Жүр: Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек. Ұлт ойындары — ата – бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі асық ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, тапқырлықты, батылдықты, шапшандықты қажет етеді. Ондай болса, ортаға батылдарды шақырамыз.
Ойын тізімі «итеріспек», «арқан тарту», «орамал тастау», «сақина». (балалар түгелі қатысты)
/ «Қара жорға» биі, № 10 мектеп-лицей оқушылары/
1 Жүр: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С. Қенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматыкітап, 2004. – 284 б.

  2. С. Қенжеахметұлы «Қазақтың дархан дастарханы». Алматыкітап,

  3. С. Қенжеахметұлы «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті». Алматыкітап,

  4. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы, 1991.-265 б.

Қазақша сценарий: 22 Наурыз – Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет