1 қазан – қарттар күніне арналған сценарий
1 қазан – қарттар күніне арналған сценарий
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
Жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі қарттар күніне орай мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кездесу кешіне қош келдіңіздер.
Ендеше бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз мектебіміздің директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.
Жүр: Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
9 «а» сынып оқушысы Жанқуат Айзаттың орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыз.
Жүр: Ата көрген оқ жанар
Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға «Барбарики» биімен мектебіміздің «Жорға» тобын шақырамыз.
Рахмет сендерге, оқушылар!
Жүр: Ал енді ортаға біздің мектебіміздің «Жас қыран» ұйымын ортаға шақырамыз.
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік
«Достарым» әнімен Мамыт Адиді ортаға шақырайық.
Тамаша! Рахмет саған Адижан!
Жүр: Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.
4 «а» сынып оқушыларының орындауында Би: «Қазақ биін» қабыл алыңыздар.
Жүр: Балалар сендердің аталарың қандай?
Тақпақтар:
Рабия:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Батырхан:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.
Гүлзат:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
Бахтияр:
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.
Жүр: Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй. деп ортаға «Әкешім, Анашым» әнімен Нұрайды шақырамыз.
Жүр: Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Оқушыларымызды қазақтың «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.
Жүр: Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Барлығымыз оқушыларымызды «Бақытты баламыз» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.
Қарттарым асыл қазынам
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс - шара
1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман - есен жүре беріңіздер.
1 - қазан Қарттар күніне арналған
мерекелік кешімізге қош келіңіздер!
2 - ведущий: Уважаемые гости! Дорогие
наши бабушки и дедушки – все те, кого чествуют 1 октября – в международный день пожилого человека! Поздравляем вас с этим ежегодным событием. Мы искренне уважаем и любим ваше поколение за удивительное трудолюбие, мудрость и неиссякаемый оптимизм, за стойкость, с которой вы научились преодолевать любые трудности и невзгоды. спасибо вам за желание делиться своим огромным жизненным опытом, за вашу заботу, поддержку и любовь. Желаем вам здоровья, долголетия, благополучия, теплоты и внимания близких. пусть они радуют вас, а неурядицы обходят ваш дом стороной! будьте счастливы!
Встречайте на сцене с песней наш ученик_____
1 - жүргізуші:
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен
апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін
мектебіміздің директорына беріледі.
Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
2 - ведущий:
Сколько прожито лет?
Мы не будем считать
Очень хочется нам
В этот день пожелать
Не стареть, не болеть, никогда скучать
И еще много лет этот праздник встречать
1 - жүргізуші:
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1 - қазан қарттар күні мерекесі де келіп қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарсы алыңыздар алдарыңызда Балбөбек балабақшасы
1 - ведущий: Сегодня славим седину
Усталые морщинистые руки
А ведь бывало в старину
Не знали эти руки скуки
Вся ваша жизнь наполнена трудом
Теплом души и радостью согрета
Да поглядите, поглядите вы кругом
Милее лиц не видела планета.
И пусть гуляет осень на дворе
И мир перелистнул страницу века,
Как хорошо, что есть в календарях
День пожилого человека.
1 - жүргізуші:
- Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала аспан - үн!
- Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
- Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,
- Шырқат биік тіршіліктің дастанын!!
көрініс Қария мен бала 2 - 4 а сыныптың орындауында қарсы алыңыздар
1 - жүргізуші:
Қазанның 1 - і - халықаралық қарттар күні Бас ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. 1993 жылы 15 маусымда Қазақстан республикасының президентінің жарлығы бойынша біздің елімізде Қарттар күні аталатын болды.
2 - ведущий: В 1990 году сессия Генеральной Ассамблеи ООН постановила считать 1 октября Международным днем пожилых людей. Указом Президента Республики Казахстан от 15 июня 1993 года учрежден День инвалидов РК - это второе воскресенье октября. Поэтому в октябре в регионе стало традицией проводить месячник по социальной поддержке пожилых людей и инвалидов.
сахнада 5 сынып
2 - ведущий:
Для нас загадка – Ваши годы
Всегда вы чудно хороши
Желаем в жизни все невзгоды
Сметать усилием души
Ваш лозунг – жить, презреть усталость
Наверно, силу вам даёт
И чтоб загадка оставалась, -
Вы молодейте каждый год.
1 - жүргізуші:
Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Ән 6 сыныптың орындауында
2 - ведущий:
Закон природы так суров
Бегут года в потоке века
Как много есть прекрасных слов
Чтобы поздравить человека
Но мы не ищем этих слов,
А просто от души желаем:
Здоровья, счастья и цветов
И жить все 100 не унывая.
«Егеменді Қазақстан» Ән 8 сынып орындауында
1 - жүргізуші:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара –
пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
2 - ведущий:
Не страшны вам года
Хоть волосы седые
Коль сохранили навсегда
Вы чувства молодые.
Рецепта долголетья нет -
Хотя мы все о нём мечтаем.
Здоровья, счастья, долгих лет
От всей души мы вам желаем.
Флешмоб танец 8 класса
1 - жүргізуші:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде тербелінді ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
2 - ведущий:
Давно перевалило за полвека
Давно виски покрылись серебром
У самого родного человека
Кому сегодня низко бьём челом.
За то, что безвозмездно подарили
Заботу и любовь
За то, что рядом шли
И хочется вам всем вернуть с лихвою
Всё то тепло, что греет нас в пути.
Жить на земле уж право стоит
Так дай вам бог ещё по ней идти.
Песня в исполнении 1 - 3 класса
1 - жүргізуші:
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
2 - ведущий:
Люди пожилые,
Сердцем молодые.
Сколько повидали
Вы путей - дорог.
Горячо любили,
И детей растили,
И надеждой жили:
Меньше бы тревог!
Песня «Жаса Қазақстан 9 сынып
1 - жүргізуші:
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
2 - ведущий:
Люди пожилые
Пусть года былые
Будут вам опорой,
Дети — все поймут:
И поклон вам низкий
От родных и близких
И от всей Отчизны
За бесценный труд.
1 «А» сыныбын Грузин биімен ортаға шақырамыз
1ведущий: Праздник наш уже кончаем
Что же вам ещё сказать
Разрешите на прощанье
Вам здоровья пожелать
Не болейте, не старейте
Не сердитесь никогда
Вот такими молодыми
Оставайтесь навсегда
1 - жүргізуші:
Қарттар - біздің асыл қазынамыз!
Бүгінгі күні мектебімізде қарттар күніне орай кеш өткізілді. Кешке бақшада бірнеше жыл еңбек етіп, енді бейнетінің зейнетін көріп отырған қарт ардагерлеріміз қонақ болды. Кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әуендер шырқалып, игі тілектер айтылып жатты.
Ардақты да, асыл қазынамыз - қарттарымыздың көңілдеріне қаяу түсірмей, әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүре берейікші дегім келеді! Қарсы алыңыздар Оқушының орындауында өлең
2 ведущий:
Вот настал момент прощанья
Будет краткой наша речь
Говорим мы «До свиданья!
До счастливых, новых встреч»
1 - жүргізуші:
Сіздер барда артады берекеміз,
Жақсылықпен қашанда тез өсеміз.
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тарқамасын әрдайым мерекеңіз.
Мерекеңіз құтты болсын асыл жандар,
Келеріне білген әрқашан биік заңғар.
Күш - қуат, асыл - сана тірек болып,
Сіз үшін ата берсін бақытты талай таңдар!
1ведущий: Всем спасибо за вниманье
За задор, весёлый смех
За улыбку, пониманье
Это наш большой успех
На этом наш концерт посвященный к дню пожилых закончен. Спасибо всем за внимание!
Достарыңызбен бөлісу: |