СТАНДАРТТАЛҒАН ПАЦИЕНТКЕ АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ (СП)
Клиникалық тапсырманың нөмірі:__________________________________________
Клиникалық жағдайдың аты: «Балалардағы тырысу синдромын тоқтату»
Аты:Жанар Саматқызы, баланың анасы
Баланың жасы: 18 ай
Баланың жынысы: ер
Негізгі білім беру міндеттері /мақсаттары:
Баланың диагнозы туралы жағымсыз хабарды жеткізу (ұстамалар)
Бағалау құралдары мен білім беру: СП кері байланыс береді, бағалау және чек парақтарында экзаменатор ескертулер жасайды, видеожазба.
Қоршаған ортасы: пациенттің пәтері - бөлме.
Емтихан бөлмесінің жағдайы: кабинет, стол, кушетка, 2 орындық.
Симуляция жабдықтары:
Емтихан тапсырушыға арналған тапсырма парағы
Еріктілер үшін сценарий: пациенттің туысы
Термометрияның нәтижесі
Әр емтихан алушы үшін бағалау және тексеру парағы
Стол – 1 дана
Орындықтар – 2 дана
Диазепам 10мг/2 мл - ампула 1дана.
Туберкулин шприці – 1дана.
Парацетамол және (немесе) ибупрофен табл.
Оқиға сипаттамасы (клиникалық мәліметтер):
Сіз баланың анасысыз(Сапаров Азамат, 18 ай), сіздің атыңыз – Жанар Саматқызы, 35 жастасыз. Сіз балаңызбен пәтердесіз.
Сіз үй киіміндесіз, Сіз жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйіңізге шақырттыңыз, дәрігерді қарсы алып балаға қарай апардыңыз.
Кіріспе шағымдар (дәрігерді науқасқа ертіп бара жатқанда) : - Менің балам бүгін ауруып қалды, оны тырысулар, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, құсу және тағамнан бас тарту мазалайды. Соңғы бір сағатта жағдайы нашарлады, дене қызуының жоғарылауымен байланысты деп ойлаймын, тырысулар пайда болды. Сол үшін сіздерді шақырдым. Балада ЖРВИ және дене қызуының көтерілгенін білемін, бірақ тырысулар болады деп күтпеп едім.
-Бұл оның өміріне қауіпті емес пе, бұл устамалар тағы қайталана ма?
Туысқанының (баласының)жағдайы:
Мінез-құлқы
Сіз пәтерде жедел жәрдем шақырылған баланың анасының қасында орындықта отырсыз.. Соншалықты үрейленгенсіз, дәрігерді балаға ертіп бара жатып, қобалжып, мазасызданып тұрсыз. Сіз балаңыз туралы бар білетініңізді дәрігер сұрақ қоймастан бұрын айтып жатырсыз, бұл жағдайдың қаншалықты қауіпті және шұғыл екенін түсініп, дәрігердің шұғыл жәрдем көрсетуіне ықпал етуге тырысып жатырсыз. Бар ынтаңызбен сұрақтарға жауап берудесіз, тітіркену мен агрессия жоқ. Сіздің балаңызға дәрігер көмектеседі деп үміттенесіз, дәрігерді мұқият бақылап, қолайлы нәтиже күтіп отырсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |