Мен білемін бір ойын:
Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
«Аяз ата» әні
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Мешін жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Мешін жылы ойын жүргізеді. «Қыс жаз» ойыны.Балалар қыс деген кезде топтасады,ал жаз деген кезде ажырайды.Қыс 2,3 ,4,5,6 деген кезде сол сан бойынша бірге тұра қалады,жаз деген де жеке тұра қалады.
Ақша қар:
-Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.
Әндер билер.
1-сынып-
2-сынып-
Аяз ата:
Ақша қар: өнерлерің керемет екен.
Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма ,қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.
Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.
Бірнеше рет ойнау.
Достарыңызбен бөлісу: |