«Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы.
Модератор
Нынешний год для нашей страны является особым, так как по всей республике отмечаются юбилейные даты – 550-летие Казахского ханства, 70-летие Великой Отечественной войне, 20-летие Ассамблеи народа Казахстана и 20-летие Конституции Республики Казахстан.
И сегодня в предверии празднования Дня Конституции мы рады приветствовать вас на презентациях выставок-экспозиций, организованных централизованной библиотечной системой, городским архивом и историко-краеведческим музеем.
20-летие Конституции РК - это большая историческая дата, которую Казахстан встречает с новыми достижениями и успехами. Конституция на века закрепила наши главные ценности – Независимость, Мир и Стабильность. Конституция Казахстана создана для народа, принята народом и действует во благо народа!
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бүгінгі таңда Біздің мемлекетіміздің Ата Заңы Қазақстанның қарқынды саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының сенімді құқықтық іргетасына айналғанын көрсетіп отыр. Осы уақытқа дейін ата заңымызға 2 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар 1997 жылдың 7 қазанындағы және 2007 жылдың 21мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Қазақ елінің заңнама тарихы сонау 14-15 ғасырлардан бастау алады. Олардың бірнешеуіне тоқталып кететін болсақ, Ата Заңы, Ата Жолы, Ата Сөзі, Ата Кесімі, Ата Өсиеті деп аталған. Одан кейін хандықтар тұсында Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
Бүгінгі күні еліміз өз тәуелсіздігін алып өз Ата заңына ие болып отыр. Қазақстан Конституциясы – мемлекет пен қоғамда, қызмет етуі үшін, қажетті шарттарды анықтайтын, негізгі нормалар мен институттар бекітілген еліміздің рәмізі және басты саяси-құқықтық құжаты.
Қазақстанның қоғамдық қатынастардың көптеген салаларында қол жеткізген жетістіктері, егемен еліміздің қалыптасуы жолындағы қиындықтарды еңсеруге ғана емес, сонымен қатар, оның халықаралық-құқықтық беделін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Енді сіздерді көрмеге қойылған кітаптардың бірнешеуімен таныстырып өтсем.
Модератор
Выставка состоит из двух разделов.
І раздел «Қазақтың ата заңдары» - представлены книги, журналы, раскрывающие историю возникновения Основного закона, его истоки.
Модератор
Жеті Жарғы, Алматы, 1992
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Ол жеті бағыттағы баптардан тұрды.
«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. «Жеті жарғы» — жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды.
«Жеті жарғыны» жасауға үш жүздің билері мен өкілдері қатысқандықтан, ондағы міндеттер мен құқықтар барлық қазақ жерінде қолданылды. Жыл сайын күзге қарай Ташкенттен қырық шақырым жерде, Ангрен өзенінің сол жақ жағалауындағы Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері бір-екі айға жиналып, кеңес құратын. Бұл жиындарда халқымыздың тағдырындағы сыртқы жаулардан қорғану, көші-қон жолдарын реттеу, ел-жұрт арасындағы дау-дамайларды шешу сияқты ең маңызды мәселелер талқыланатын. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді. «Күлтөбенің басында – күнде кеңес» деген ұғым сол уақыттардан қалған.
«Жеті жарғының» негізін салғандар Ұлы жүзден шыққан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Орта жүзден шыққан Қазыбек би Келдібекұлы (1667–1763) және Кіші жүз Әйтеке би Бәйбекұлы (1682–1766) сияқты қазақтың атақты үш биі. Бұлар — «Жеті жарғыны» тәптіштеп жасап қана қоймай, өмірдің барлық салаларында қолдануға көп еңбек сіңірген адамдар. Тәуке ханның заманында бұл жарғы талаптары қатаң сақталып отырған.
Омарханов Қ. Қазақ елінің дәстүрлі құқығы, Астана, 2003
Қазақтың Ата Заңдары, том 2, Алматы, 2003
Қазақтың Ата Заңдары, том 1, Алматы, 2001
Өсерұлы Н.Қазақтың үкім кесімдері, Алматы, 1994
Нәрікбаев М.Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін, Алматы, 1999
Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық. Право кочевой цивилизации казахов, Алматы, 2002
Модератор
ІІ раздел«Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жолы» представлены книги, посвященные Конституции, ее роли в работе демократических институтов общества и государства, в повседневной практике гражданских и юридических действий
Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, Алматы, 2010
Қазақстандағы президенттік билік: жемісті 20 жыл, Астана, 2010
Қазақстан Республикасының конституциясы, Алматы, 2005
Қазақстан Республикасының конституциясы. Түсініктеме, Алматы, 1999
Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арналған көрме құжаттарымен қалалық мұрағат қызметкері таныстырады, сөз кезегі сізге беріледі.
(выступление работника городского архива)
Модератор
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы. Әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі!
Баршаңызды келе жатқан ҚР Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Енді көрмеге қойылған кітаптар мен құжаттарды жақын келіп көруге шақырамыз.