Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»


Аналардан туған небір дана



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі33,82 Kb.
#122414
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
8 наурыз сценарий

Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!

1 - Жүргізуші:Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

2 - Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Сейтқазиев Рахат Зауытұлына беріледі.

1 - Жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.
2 - Жүргізуші: Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

1 - Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сағиева Арайлымның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
2 - Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Оралбай Сабираның орындауындағы «Павлин» биіне береміз.



1 - Жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.

2 - Жүргізуші:

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
1 - Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда 5 «Ә» сынып оқушыларының орындауындағы «Көктем» биін қарсы алыңыздар.

2 - Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет