Scratch (Скретч) — балалар мен жасөспірімдер үшін құрылған бағдарламалаудың визуальды оқиғалық-бағдарланған орта. Бұл атау scratching деген сөзден шықты – музыкалық қарқындарды араластыру үшін қолдарымен алға-артқа винилді күйтабақтарды айналдыратын хип-хоп-диджейлері пайдаланатын техника.
ScratchЛого тілінің және Лего конструкторының идеясын жалғастыру түрінде құрылды. Scratch1.4 Squeak тілінде жазылды, Scratch 2.0 және 3.0 онлайн жұмысқа бағдарланған. Scratch 2.0 Flash-қа және ActionScript-ке қайта жазылды. Scratch 3.0 Scratch 2.0 жақсартылған нұсқасы болып табылады және WebGL қозғалтқышын пайдалана отырып HTML5 жасалды, бұл оған мобильді құрылғылар мен планшеттерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Scratch Массачусет технологиялық институтында балалар үшін бағдарламашылардың шағын командасымен әзірленуде.
Scratch мультимедиялық ортасы балалардың бағдарламалауға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді, объектілік-бағдарланған бағдарламалаудың барлық заманауи талаптарына сай келеді. Scratch ортасы бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруға, бағдарламалау технологиясын ашуға мүмкіндік береді. Тілді үйрену келесі басқа бағдарламалау тілдерін үйренуге көшуін айтарлықтай жеңілдетеді. Осыған ұқсас бағдарламалаудың арасында Scratch артықшылығы әртүрлі операциялық жүйелерге арналған нұсқаларының барлығы, сондай-ақ бағдарлама еркін түрде қолданылатын болып табылады. Қазіргі уақытта ашық коды бар бағдарламаны қараудың мәні бар, ол оқушыларда цифрлық техникамен жұмыстың мүмкіндіктері туралы неғұрлым кең көріністі қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Scratch жай ғана бағдарламалау тілі емес, ол тағы интерактивті орта, мұнда іс-әрекеттер нәтижелері визуалдандырылған, ол бағдарламамен жұмысты түсінікті, қызықты әрі тартымды етіп жасайды. Мультфильмдер бағдарламасында анимация және тіпті ең қарапайым ойындарды жасауға мүмкіндік беретін Scratch ортасының ерекшелігі қазіргі заманғы жасөспірім үшін «Бағдарламалау» білім беру бағдарламасын практикалық маңызды етіп жасайды, өйткені алгоритмдер мен бағдарламалардың практикалық масатын көруге мүмкіндік береді, ол бағдарламалауға байланысты мамандықтарға қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туғызатын болады.