«Scratch-те бағдарламалау» модулі (5-сынып) Scratch


««Python-да бағдарламалау негіздері» модулі (8-сынып)



бет10/12
Дата07.02.2022
өлшемі66,08 Kb.
#82696
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
5,6,7 ,8,9 сын вар IT 2020-21

««Python-да бағдарламалау негіздері» модулі (8-сынып)

Python (орыс тілінде питон атымен кеңінен таралды) — әзірлеушінің өнімділігін және кодтың оқылуын арттыруға бағдарланған жалпы мақсаттағы бағдарламалаудың жоғары деңгейлі тілі. Python өзегінің синтаксисі минималданған. Сонымен бір уақытта сандартты кітапхана пайдалы функциялардың үлкен көлемін қамтиды.


Python құрылымдық, объектілік-бағдарланған, функционалдық, императивтік және аспектілік-бағдарланған бағдарламалауды қолдайды. Негізгі архитектуралық сипаттар – серпімді типтендіру, жадыны автоматты басқару, толық интроспекциялау, ерекшеліктерді өңдеу тетігі, көп ағынды есептеуіштерді қолдау, деректердің жоғары деңгейлі құрылымдары. Өз кезегінде, пакеттерге біріктіліруі мүмкін модульдерге бағдарламаларды бөлу қолдау табуда.
Python эталондық іске асыру белсенді пайдаланылатын платформаларыдың басым бөлігін қолдайтын CPython түсіндірушісі болып табылады. Ол проприетарлықты қоса алғанда, кез келген қосымшада оны пайдалануға мүмкіндік беретін Python Software Foundation License еркін лицензиясымен таралуда. Компиляциялау мүмкіндігімен JVM, CLR, LLVM, басқа тәуелсіз өткізулер үшін түсініктеме берушіні іске асыруы бар. PyPy жобасы JIT-компиляцияны пайдаланады, ол Python-бағдарламасының орындау жылдамдығын елеулі түрде ұлғайтады
Python — бағдарламалаудың белсенді дамып жатқан тілі, тілдік қасиеттеріді қосумен/өзгертумен жаңа нұсқалары шамамен екі жарым жылда бір рет шығады. Тіл ресми стандарттауға ұшыраған жоқ, іс жүзінде стандарттың рөлін тілді автордың бақылауымен әзірленетін CPython орындайды. Қазіргі кезде Python TIOBE рейтингісінде 8,5% көрсеткішімен үшінші орынды алып отыр. Талдаушылар, бұл оның рейтингте болған барлық кезең ішіндегі Python ең жоғары балы екендігін атап өтті.
8-сынып үшін «Python-да бағдарламалау негіздері» және 9-сынып үшін
«Python (тереңдетілген) бағдарламалау» информатика бойынша курстар құрылымдық бағдарламалаудың базалық ұғымдары (деректер, айнымалылар, тармақтар, циклдер және функциялар) туралы көріністі беретін бағдарламалау бойынша кіріспе курсты білдіреді. Python – бұл бағдарламалауды зерттеп үйренуді бастауыштарға арналған басқа тілдердің
алдында бірқатар артықшылықтарға ие тіл (кодтың анықтығы, іске асыру жеделдігі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет