Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

ЖАҢБЫРЛЫ ТОЙ
Күні бойы көзі жұмулы тұрған намазшам гүлдің 
қауашағы ашылып, бақшаның айналасы жұлдызды 
аспандай жайнап сала берген кезде, думанды жерге 
Әбдібек те жеткен еді. Әбекең тойға дəу қара ешкіні 
мүйізінен сүйреп əкелді. Бір қолында той-анаға деген 
тартуы, бір қолында көне балдақ. Маңдайындағы жыра-
жыра əжімнен шып-шып тер шығып тұр. Басындағы 
киіз қалпағы бір шекелеп қисайып кеткен. Тырысқақ 
кебенектің азабы аз болмағанға ұқсайды.
Әбдібек бұл тойға қара ешкіні емес, тайдай қызыл 
қойды əкелмекші еді, Гүлайым көнбеді.
– Байғұс-ау, ертең оқу бітіріп балаң келеді, сонда 
соймаймыз ба, – деп жолатпады.
Жегжаты қара ешкіге көңілі тоя қоймасын Әбдібек 
білетін. Бірақ, мұны елеп, шақыру қағазын жіберген 
соң, қыз ұзату тойына құр алақан баруды ұят көрді де, 
осы, бір сиырдың сүтін бір өзі беретін дəу қара ешкіге 
көзі түсті.
Ұзатылған қыздың əкесі сыр бермеген болды.
– О, Әбеке, хош келдіңіз! Әп-бəрекелде-е! – десе 
де, шəушиген көсе беті тыржиыңқырап, шегір көзі 
өтірік күлімдеп, Әбдібектің құттықтауын жүре тыңдап, 
алдына екпіндей келіп тоқтаған «Жигули» жаққа 
елпеңдей басып кете барды.
Әбдібек қара ешкіні мал қора түбіндегі қазыққа өзі 
апарып байлады.


63
Сүдігерде изен ызыңдайды
Мейман көп келді. Дені «Москвич», «Жигули» мініп, 
осы заманның тұлпарларынан түсіп жатты. Олардың 
ішінде ешкі жетектеп келген бөтен ешкім болған жоқ. 
Әкелген сыйлары: телевизор, тоңазытқыш, кілем, ең 
жоқ дегені электр самаурын. Тіпті қыздың біp жездесі 
мың сомдық импорт гарнитур сыйлапты деп те сөз 
тарап кетті.
Намазшам байып бара жатқан мамыр айының аяқ 
шені. Hay теректер басында құс атаулы той боларын 
сезгендей у да шу. Гүлдеген жиде тоғай жақтан самал 
желмен жұпар иісі аңқиды. Қаладан «Волга» мініп 
келген қалыңдық қыздың жездесі костюмінің омырауын 
ашып тастап, самалға төсін тосып:
– О, шіркін, мынау керемет қой! – деді
– Осы біз Кавказ, Қырым дейміз. Нағыз курорт, 
шынында, міне ғой, – деп жездекейді екінші біреу 
қостады.
Олар осылайша табиғатты тамашалап тұрып, батыс 
жақтан ұрлана шыққан тоқымдай қара бұлтты байқаған 
да жоқ. Тек қара тұмсық, қайқы құйрық сары күшік 
қана аспанға мұңая бір қарап, аузын ақсита ашып 
керілді де, күбіжіктеп барып, шынжырын сылдырлатып 
үйшігіне кіріп кетті. Біреу сояйын деп жатқандай-ақ 
қара ешкі зарлады. Әлгі шуылдақ шымшықтардың үні 
пышақ кескендей тыйыла қалды. Оның есесіне ауыл 
сыртындағы қара су бойынан көк қасқа бақалардың 
барылдағы күшейе берді.
Құбыла түс лезде түнеріп, аспан кемерінде жарқыл 
ойнады. Тойлы ауылдың үстіне қара бұлтты жолатқысы 
келмегендей шығыстан жел қатайды.


64
Сүдігерде изен ызыңдайды
Бұлт та айласын асырып, аспанның терістік қапталын 
көбелей орағытып, тау бөктеріндегі ауылды қоршай 
төніп кеп қалды.
Той ағасы қолына микрофон алып, меймандарды бау 
ішіндегі ұзыннан-ұзақ созылған қатар-қатар үстелдерге 
жайылған ағыл-тегіл мол дастарқанға шақырды-ау.
Құрметті қонақтар төр жаққа баяулатып, мамырлап 
келе жатқанда, дəл осі сəтті күтіп тұрғандай, тұңғыш 
тамшы да тырс ете түсті. Артынша-ақ əй-шəйге 
қарамай, долы жаңбыр ышқына төгіп-төгіп жүре берді.
– Ойбай дастарқанды жабыңдар! – деп шырылдады 
той иесі.
Қонақ күтушілер тай шаптырым дастарқан бетіне 
газеттерді, кленкаларды жауып үлгергенше, ботана сел 
жүрді де кетті.
– Есіл ас рəсуа болды-ау, – деп жыламсырады үй 
иесі босағадан баспалап қарап.
– Ештеңе етпейді, Сейтқұл құрдас, жақсы нышан 
бұл. Жер тойса – ел тояр, – деді Әбдібек балдағын 
сүйеніп жауынға сүйсіне көз тастап.
– Өткінші жауын ғой əшейін, – деп, біреу немкетті 
айта салды.
Айтса – айтқандай, жаңбырдың тасыр-тұсыры 
тыйыла қалды. Ықтап тұрған меймандар дастарқанға 
қарай қайта жамырады.
Қолдан шапқан ақ жонық орындықтар шылқа су 
болып, жұрт отырар-отырмасын білмей аңтарылып, сəл 
состиысып қалған.
– Ештеңе етпейді, жаздың жаңбыры ғой, – Әбдібек 
скамейканы шекпенінің жеңімен сипай сүртіп тастап, 
балдағын үстелге сүйеп, талыстай шалғы мұртын 
тарамдап қойып жайғаса берді.


65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет