Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
Бірде топырақ тоғанның бір шеті жырылып кетіп, 
содан қашқан суды бекіте алмай қара сорпа болады.
Ол, шынында да, бастығырылып барып, алқынып 
оянды. Жүрегі дүрс-дүрс етіп, тулап тұр екен. Тілі 
таңдайына жабысып қалған, əрең қимылдайды. Іргедегі 
флягті басына төңкере, түбіндегі бір қасық сумен 
таңдайын жібітті.
Маусымның қысқа таңы сібірлеп атып келе жатқан. 
Мең-зең меңіреу күйде едəуір отырып қалған. Кенет 
ұйқыдағы миға бір ұйтқыған ой түртпек салып, сілкініп 
түрегелді. Іргеде ішін тартып тұрған атын ерттеді. 
Әлдеқалай керек болар деп тақымына кетпен қыса 
салды.
Мұның қыбыр-қыбыр тіршілігіне оянып кеткен 
Биғайша ат үстіндегі күйеуін көріп:
– Байғұс-ау, қайда? – деп шошып қалды.
– Малға əзір бол, мен көп ұзамаспын, судың хабарын 
білем де қайтам, – деп Бұзаубақ шабдар атын тебініп 
қалды. Биғайша: «е, бастықтарға барып, машинамен 
таситын суды көбейт демекші екен ғой» деді де қойды.
* * *
Бұзаубақ тартылып қалған өзеннің табанына түсіп, 
сапарға шықты. Өзен емес, өзінің қаны тартылып 
қалғандай, соның емін іздеп, тəуіптің ауылына бара 
жатқан сияқты.
Бұрын түйе бойламайтын биік кемерге лықси соғып, 
маңғаздана ағатын қара көк дарияның аңғарымен келе 
жатқанына сенбегендей жан-жағына қарай береді.
Сондай бір жайсаң судың болғаны түсте емес, 
өңде еді. Бұзаубақ есіне алды. Ол əлі қырықтағы 
қылшылдаған шақ еді. Бұл – ферма бастығы, Ермолай 


76
Сүдігерде изен ызыңдайды
– зоотехник, арадан қыл өтпес дос болатын. Екеуі 
де аңшылыққа құмар, екеуі де сері мінез, даланың 
ақбөкеніндей, аңғал да адал, мəрт жандар еді.
Асаудың осы бір өңірлері нар қамыс, ну жыңғыл, 
қорыс тоғай болатын. Қырғауыл шіркін парылдап 
ұшқанда, қамыстан өрт лаулағандай жыртылып-
айрылушы еді-ау. Қасқалдақпен шүрегейден судың 
айдындары қалың сиыр табыны жусап кеткен тепсеңнің 
тезегіндей, пырдай боп жатар еді. Кейбір жылдары 
оңтүстіктен оралған аққулар солтүстікке бет алып, 
сонау Қорғалжын көлдеріне бара жатқан сапарда осы 
Асаудың иірімдеріне бір дамылдап өтетін.
Бұзаубақ пен Ермолай аңға шыққанда, бір жолы 
қорыстың арасынан есектей қабан кездесіп, бұларға 
тұра ұмтылғанда, Бұзаубақ əдейі қаша жөнеліп, Ермолай 
аттың үстінен қабанға қарғып мініп, құлағынан тұқырта 
басып тұрып:
– Бұзаубақ, сал пышақты қолтықтың астынан! – 
дегені бар.
Бұзаубақ қабанға қанжар салуға сескенсе де, 
досының халін ойлап, қос өкпеден көк болатты салғаны 
рас.
Шым-шым, шымырлап аққан ағыл-тегіл судан су 
перісі шыға келетіндей, балықтар шоршып ойнап, ана 
жерден, мына жерден шеңбірек атқылап жатар еді-ау. 
Қайда сол қайран балық? Су кеткен соң қызғыш та 
кетеді, қызғышпен бірге қыдыр да кеткен сияқты.
Енді қазір қабан тұрмақ даланың ең сұмырайы 
соқыр тышқан да көзге түспейді. Өрт жалап өткендей, 
нар қамыс та жоқ, жыңғыл, шеңгел де жоқ, ну тоғай 
қорыс та жоқ. Өмірі су көрмегендей өзеннің табаны 
тақырайып, тас маңдай боп жатыр.


77
Сүдігерде изен ызыңдайды
Ермолай досы да кəрі бураның басындай қауқайып, 
қартайды. Өзен суалған соң, бұрынғы кең бидайық 
Шабындық та қотыр қойдың жабағы жүніндей жүдеп 
тозды. Шабындықты шайтан алды екен деп, совхоз қой 
баққанын қойған жоқ. Енді сол қыруар малға алыстағы 
таулы өлкеден барып азық дайындайды.
* * *
Асаудың арнасын қуалап отырып, шаңқай түстің 
əлетінде Мақпал дейтін ауылдың қарасын көрген. 
Шеткі бір үйге жақындап:
– Кім бар-оу ? – деп еді.
Бірақ өз даусын өзі естімеді. Үні шықпай қалған 
екен. Аттың дүбірін естіп, үйден бір кекселеу əйел 
шығып, шошыңқырап қалды. Шабдар аттың үстінде 
түсі өрт шалған ағаштың қабығындай түтігіп, ернінен 
ақсор шығып кезерген қартаң кісі отыр екен.
– Бір жұтым су, бəйбіше, – деп сыбырлады Бұзаубақ.
Әйел үйге жүгіріп кіріп, бір кесе ағарған алып 
шықты.
– Су, – деді Бұзаубақ қырылдап.
– Су дейсіз бе? О құрғыр жылып кеткен. Мақпалкөл 
тартылғалы бері, ауыз суға ұяттымыз, отағасы.
Бұзаубақ кеседен талмап бірер жұтты, содан соң 
ыдысты басына бір-ақ көтерді.
– Уһ! – деп демін алды. Үні шығайын деді.
– Аттан түсіңіз, қария.
– Жоқ, жарқыным, мен жүрейін. Meн бір жоқ іздеп 
жүрген жолаушы едім. Әлгі Асауды матап тастаған 
тоған алыс па?


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет