«Сегізінші кереметі әлемнің» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараның жоспары. Мақсаты


«Сегізінші кереметі әлемнің» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараның сценарийі



бет4/5
Дата10.05.2020
өлшемі24,86 Kb.
#66910
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 марта аружан

«Сегізінші кереметі әлемнің» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараның сценарийі

Қыздар, қыздар, сұлу қыздар...

Қатысушылар: мектеп оқушылары, ұстаздар.

Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау.

Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.

Безендірілуі: гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, интерактивті тақта.(Сахна сыртынан «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» әні естіліп тұрады. Музыка бәсеңдеп, ортаға жүргізушілер шығады.

1 – жүргізуші: Армысыздар, мектебімнің асылдары,

Жайнаған көңілдердің жасы бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары!

2 – жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты арулар!

Эпостағы Қыз Жібек пен Баян, аңыз аналар Айша бибі мен Абақ, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным аналардың сіңілелері, ардақты арулар!

Өздеріңізге арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Сәлемдесу «Жүректен жүрекке».

1 – жүргізуші: Ұлдар алдарыңыздағы жүректерді қыздарға таратамыз. Ал енді құрметті қыздар сол жүректердің артындағы тілектерді бір-бірлеп оқимыз. Соңғы тілек: бір бірімізбен шың жүректен сәлемдесейік

2 – жүргізуші : (жаймен музыка қосылады)Жүргізуші: Мен 5 ке дейін санаймын­ әрбір санда қимыл бар. 1 десем бәріңіз бір бірінмен қол ұстасасындар, 2­ аяқпен амандасасындар, 3 ­ шынтақпен, 4 ­ иықпен, 5 құшақтап сәлемдесесіндер.

1 – жүргізуші: Енді барлғымыз шеңбер құрамыз. Барлықтарыңыз оң қолды көтеріңіз, он жаққа бұрылыныз, шенбердің ортасына жарты қадам алға басыңыз, екі қолыңызды алдағы тұрған досыңызға қойыныз. Ендеше массажды бастаймыз.

2 – жүргізуші: (жаймен музыка қосылады) Иық ­ иықтарды бүгеміз, жұдырық, қолдың сыртымен соғу, крабтар, құмырска­ омыртқадан екі саусақпен өту, шаш бүлдіру, құлақтан тарту, бетті шымшу, қуаныш сәті ­ қыттықтау, арқадан екі қолмен соғамыз. Енді 180 градусқа айналып қайталаймыз.

1 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,

Қыз сұлу көрінеді білімімен.

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ қиған қара қасыменен.

Қыз сұлу көрінеді толған айдай.

Он бес пен он сегізде жасыменен.

2 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,

Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.

Майысып бұратылып, майда басып.

Жаныңа наз қылықпен келгенімен

Дарытқан бар асылды өз елінен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырады мектебімнің арулары,

Өткендей сұлулықтың елегінен.

Сынып оқушыларынан бір номер

Музыкалық номер: Асыл ана (Айхан, Алихан )

1 - жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.

Әлемде егер ана болмаса осылайша,

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?! – деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің бұлағы әйел – ананы мақтайық!

Сынып оқуыщыларының ана туралы өлең жолдарын қабыл алыңыздар!

Ана туралы өлең жолдары( Бейбарыс, Бауыржан,Алихан , Темірлан Ұлту,Самал , Айым)

Ана туралы видеороликке назар аударамыз

2 – жүргізуші: Құрметті қыздар сіздер білесіздер бұл әлемнің сегізінші кереметі- бұл біз нәзік жандылар. Сіздер ойыңызша «нағыз қазақ қызының бейнесі» қандай? Сіздердің алдарыңызда үш постер берілген, сол траферетке қазақ қызының бейнесін саласыздар, және сол трафареттің жанына қазақ қызына сай қасиеттерді жазамыз.



Құрметті арулар ер мінезді азаматтарымыздың сіздерге деген салтанатты құттықтауын қабыл алыңыздар! (хор.сыйлықтар, бейнеролик)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет