Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас)



Дата09.10.2019
өлшемі48,52 Kb.
#49526
Байланысты:
Сакен С

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»

Н. Ә. Назарбаев


Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 – 1938) – ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері


Осы жылы ұлт руханиятының бәйтерегі  қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ұлы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125, Өмірі қысқа, тағдыры ауыр болса да, артта қалған ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен осы мерейтойы қарсаңында аймағымыздың түкпір-түкпірінде ауыз толтырып айтарлықтай іс-шаралар өткізілуде.

Бүгін қазақтың атақты ақыны, жазушы, драматург, ҚазақКСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы.

  Сәкен Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш сыныпты училищеде оқыған.1914 жылы Қазан қаласында«Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсетті.

Беташар қойылымынан кейін маусым айында ақтар көтеріліс жасап, Ақмола совдепшілерін тұтқынға алған. Сәкен 47 күн отырған атаман Анненковтың «азап вагонынан», 1919 жылдың 3 сәуірінде адмирал Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты. 1920 жылдың 7 мамырында Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды. Солжылы қазан айында Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бірінші Құрылтай съезіне қатысты, Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылықжасады.

Саналы ғұмырында С.Сейфуллин «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, Қазақ КАСР Халық Комиссарлары КеңесініңТөрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жаңа әдебиет» журналының басшысы, Қазақ мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметтерін атқарған.

Сол жылдары жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.

С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғаларын сынға алды. «Ақсақ киік», «Аққудың айырылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттеді.

С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында да көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи-мемуарлық романында көрсетті.

Одан бөлек, С.Сейфуллин қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері -Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Онда қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды.

С.Сейфуллин қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М.Қаратаев, К,Бекхожин, Ж.Саин және тағы басқалары С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған.

Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысқан. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі, Ә.Тәжібаев,А.Тоқмағанбетов, Қ.Бекхожиндердің поэмалары, Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев және өзге де ғалымдардың әдеби зерттеулері, естеліктері жарық көрген. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Алматыда атылды.

Жазықсыз жапа шеккен ұлт қайраткерінің есімі 1958 жылы ақталды.



Табиғат - Поэзияның қайнар көзі. Ендеше табиғат туралы поэмаларында тарихи оқиғалар айтылған.


Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп - кетіп есен – сауын.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.
Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
Бурабай
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс
Оқжетпес
Басына атсаң – дағы оғы жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.
Жұмбақтас
Батырлар айнала тұр тас қасында,
Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.
Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы
Абылай бәсекенің бас қасында.

Ж. Ақылбаев атындағы мектеп – гимназия

«Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын»

9 «А» сыныбында өткен тәрбие сағаты



Өткізген: Ержанов А.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет