4.Эксперименттік бөлім
Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстың түрлері:
- эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты мен міндеті, алғы шарты жасалды;
- тест, сауалнама, пікірлесу жұмыстары жүргізілді, нәтижелері талданып, сараланды;
- оқу үрдісінде қажетті қосымша дидактикалық материалдар іріктелді;
- сынақ нәтижелеріне сүйене отырып, жұмыс оқу бағдарламасының мазмұнына толықтырулар енгізіліп, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар берілді, әдістемелік үлгі жасалды;
- жұмыс жасаудың жолдары көрсетілді.
Әйтеке би шешендік сөздерінің білу деңгейлерін анықтағанда:
- экспериментке дейін оқушылардың 45 пайызы шешен өмірі мен шешендік сөздері туралы аз білетіндерін көрсетті. Әйтеке би өмірі мен шешендік сөздерін білу деңгейлері;
- оқушылардың 15 пайызы оқулық көлеміндегі материалды білетіні анықталды;
- оқушылардың 55 пайызы шешендік сөздері туралы білмейтіндерін айтты.
Эксперименттік тәжірибе жүргізу үшін ең алдымен оқушылардан тест,
сауалнама пікірлесу, әңгімелесу арқылы Әйтеке би өмірі мен шешендік сөздерін білу деңгейі анықталады. Арнайы дайындалған сауалнама сұрақтары төмендегідей мазмұнда болады:
1) Әйтеке би туралы білесіз бе?
2) Әйтеке би қай жерде туып, өскен?
3) Әйтеке би өмірі мен шешендік сөздері ұнайды ма?
4.1. Оқыту эксперименті
Эксперимент жұмыстарының қорытындысын төмендегідей көрсетуге болады:
1. Әйтеке би өмірі мен шешендік сөздерін оқуда қолданылған тапсырмалар мен әдеби жаттығулар, талдаулар оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттырып, өздігінен ізденулеріне мүмкіндік тудырды;
2. Оқушылардың көркем мәтінді талдауда белсенділіктері артты;
3. Сөйлеу мәдениетіне төселіп, эстетикалық, танымдық деңгейлері артып, сөз өнеріне деген өз көзқарастарын қалыптастырды;
4.2. Қала тұрғындарына сауалнама жүргізгенде :
Тақырыпты зерттеу барысында Әйтеке би ескертіші алдында сауалнама жүргіздік. Мақсатымыз адамдар өз би-шешендерін тани машешендік сөздерді оқыған ба? - осыны білу болды.
Қойылған сұрақтар мынандай болды:
«Әйтеке бидің кім болғанын білесіз бе?»
«Ол туралы не білесіз бе?»
«Қай жақта туылғаны сізге белгілі ме?»
Мұнымен қатар оқушылармен де сауалнамалар өткізілді. 6 сынып оқушыларына «Әйтеке бидің нақыл сөздерін білесің бе?» деген сұрақ қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |