І-тарау. МӘДЕНИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.
Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.
Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.
Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.
Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.
Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар - қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.
Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар - тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.
Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.
Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».
И.П.Павлов өзінің жоғары нерв қызметі туралы ілімінде адамның мінез ерекшеліктері оның өмірлік әсерін, ой-түйінін білдіретін жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен уақытша нерв байланыстары жүйесінің «құйындысы» деп түсіндірген болатын.
Жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен динамикалық стереотип әр уақытта бір бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Өйткені: 1) динамикалық стереотиптің жылдамдығы тұрақтылығы жоғары нерв қызметінің тума типтік ерекшеліктеріне байланысты; 2) өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан динамикалык стереотип жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктеріндегі кемістіктерін жөндеуге жәрдем етеді.
И.П.Павловтың айтуы бойынша динамикалық стереотиптің қалыптасуы өмірдегі заттар мен құбылыстардың күшіне, маңыздылығына, жаңалығына және адам нерв жүйесінің жеке типтік ерекшелігіне, адамның хал-жағдайына байланысты. Мидағы уақытша нерв байланыстарының оңай немесе қиын тұрде қалыптасуы адам нерв жүйесінің типіне байланысты.
Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болған мидағы уақытша нерв байланыстары, олардың күрделі жүйелі тұрде қалыптасуы - дикамикалық стереотип және нерв жүйесінің типтік ерекшеліктері мінез-құлықтың физиологиялық негізі болады.
Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша қалыптасқан мінез - адам мөрі. Шынында да адам мінезі қандай болса, оның өмірдегі іс-әрекеті де сондай болады. Мінез негізінде адамның өмір тәжірибесінен алған әсерлі нәтижесінде қалыптасатындығын бұрын да айтқан болатынбыз. Бірақ адам барлық нәрсеге бірдей жауап бере алмайды. Өзіне керекті, кажетті нәрселерге айырықша қызыға қарап, олардың мазмұнын, мәнін терең қабылдайды. Ал өзіне керексіз нәрселерге мән бермейді. Демек, адамдағы өмір тәжірибесінің қалыптасуы оның мұрат-мақсатына, арман-тілегіне, ниетіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай адамның мінез ерекшеліктерін зерттеуде ең алдымен оның мақсатына байланысты туған қызығуын, қажеттілігін анықтап алған жөн.
Ал мінез құрамына нелер жатады. Мінез құрамына адамның сенімі, қажеттілігі, қызығуы, ақылы, ерік күші, сезімі, темпераменті жатады. Сенім деп адамның өмір мектебі және тәрбие әсерімен белгілі жағдайдағы қалыптасқан берік көзқарасын айтамыз.
Сенімнің күштілігі, тұрақтылығы адамның түсінігіне, ой-өрісіне, бір мақсаттылығына байланысты. Адамның өз әрекетіне сенімділігі оның сол әрекетінің орындалу негізіндегі тындырымдылығын, принциптілігін, тиянақтылығын байқатады. Күшті сенім адам әрекетінде алдына қойған мақсатына жету үшін батыл шешім қабылдауға, кездескен қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады.
Сенімнің мықты, тұрақты болуы адамның дене және ақыл-ой әрекетінің жемісті аяқталуына негіз бола алады.
Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатынын, қандай нәрселерге айрықша назар аударып қарайтындығын байқау қажет. Әрине, қызығу адамның қажеттілігіне, арман-тілегіне, мақсатына байланысты мазмұны жағынан әртұрлі болып келеді. Адам қоғам талаптарына сай келетін ізгі ниетімен, талап тілегімен өз бойындағы қызығудың терең, тиянақты болуына мүмкіндік жасайды. Танымдық қызығудың саналылығы адам мінезінің байсалды, салмақты болуына әсерін тигізеді.
Эстетикалық қызығулар мінездің сынық, сыпайы, жібектей болуына өз үлесін қосатындығын байқауға болады.
Адамның қызығуы оның қажеттілігі мен тығыз байланысты болады. Қажеттілік негізінде материалдлқ және рухани болып екіге бөлінеді. Қажеттіліктің тууы, өсуі және қалыптасуы қоғамнын тарихи дамуына, Қоғамдық қатынастардың әсер етуіне, адамыың жеке талап-тілектеріне байланысты. Қоғамда адамдар қажеттілігі қоғамдық, ұжымдық, талаптарға сай келіп, мазмұны жағынан қоғамдағы негізгі жеке адамның мақсатына сай келетін эгоистік қажеттіліктен бүтіндей басқаша.
Еліміздің адамдарының материалдық және рухани қажеттілігі халық шаруашылығының қарқындап дамуына байланысты ойдағыдай Қанағаттандырылып, мазмұны жағынан байи түсуде.
Адамның ақыл-парасаты да мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Кейбір адамдар қиын-қыстау жағдайда ақылдылығына байланысты сары уайымға салынбастан, жол тауып қапастан шыға алады. Ал ақылы кем топас-надандар қиыншылықтан құтылу былай тұрсын, басқаларды да өз арқасына ертіп, олардың қолын байлайды. Адам өз алдына қойған мақсатына жету үшін аса тапқырлықпен ұтымды шешім қабылдау немесе шешімнің орындалуына ой-ерісінің ұшқырлығын, тиянақтылығын байқатса парасатты екендігін білдіретіні сөзсіз. Сол үшін мінездің ақыл-парасат бітістеріне адамның байқағыштығы, тапқырлығы, зейінділгі, езіндік ой-пікірінің болуы, ойшылдығы, сыншылдығы жатады.
Адамның еріктік сапалары жағымды мінездің жотасы деп аталады. Адамда күшті жігер-қайрат болса, өзінің көздеген мақсатына жету үшін батылдылығы, шыдамдылығын, тәртіптілігін байқытады. Жігерсіз, ерік күші жоқ адамды нашар мінезді адам екен деп те атайды. Ондай адам тіпті: білімді, қабілетті болса да іс-әрекетінде өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмайтындығы белгілі.
Ал адамда ерік күші жоқ болса өзіндік әрекет болмай, кім көрінгеннің жетегінде кетеді. Оның үстіне жігерсіз, қайратсыз адам кездескен қиыншылықты жеңу үшін әрекет жасаудың орнына сары уайымға салынып, бар мүмкіншілігінен айырылады.
Мінездің еріктік сапалары адамның өз ісіне сенімділігін арттырып, ©те хауіпті жағдайда да ақыл-естен танбауға, тіпті өліммен күресуге де мүмкіндік тудырады.
Екінші дүниежүзілік соғыста екі аяғынан, екі қолынан айырылып, кеудесі қалған Австрияның солдаты Та Рама аса күшті ерік күшімен аман қалды. Соғыс майданында сондай мүшкіл халде жатқан Та Рама тастап кетіп бара жатқан медсестраларға жалынып, өзін емдетеді. кезінде қандай ауыр қиыншылық болса да шыдап өзіне өзі «Мен өлмеуім керек, мен тірі қалуым керек» деп айтып жатады. Оның мұндай сөзі өзіне қатты әсері етіп, қанына сіңеді. Ең ақырында жазылып, тісімен жазу дағдысын меңгереді. Кейінірек барып өз басынан өткендерді кітап етіп те жазады. Міне, осындай ерік күшін адам мінезінің нағыз тиянақты да осерлі кұрамы деп айтуға болады.
Адамның мінез бітістерінің қалыптасуында оның өзіне әсер еткен ,аттар мен құбылыстарға қатынасы да, көңіл күйі де үлкен роль атқарады. Әрине, адамның көңіл күйі, жалпы айтқанда сезімі оның қажеттілігіне, қызығуына, алдына қойған мақсатына байланысты екендігі мәлім. Бірақ сезімнің өзі мінез бітістерінің қалыптасуына арқау бола алады. Адамдағы күшті-моральдық сезімдер адамның адамшершілік қасиетін, отан илдындағы борышын ақтаудағы шынайы қатынасын білдіреді.
Интеллектілік сезім адам мінезіндегі тындырымдылықты, ұқыптылықты, байымдылықты білдіретіні сөзсіз.
Ал эстетикалық сезім болса, адам мінезіндегі жібектей жұмсақ катынастың нәтижесінде қалыптасқан бауырмашылдықты, сұлулықтың, көркемдіктің терең сырын анықтаудағы талғампаздықты дамытады.
Мінез ерекшеліктері адам темпераментінің табиғатына да тікелей тәуелді болады. Адам темпераменті жоғары нерв қызметінің типтік ерекшіліктеріне байланысты төрт тұрге бөлінеді:
1) Сангвиник - қимыл-әрекеті тез, көңіл күйі тез-тез өзгеріп тұратын, ақ көңілді, ақжарқын адам. Сангвинктің ішкі сыртқы көрінісінен: мимикасынан, пантомимикасынан анық байқалады. Сангвиник бала тиісті тәрбие әсерлерін алмаса, бір жұмысты бастап, аяғына дейін орындауға шыдамы жетпей, басқа жұмысқа ауысып кететін тұрақсыз, ұшқалық болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде сангвиник бала кеңіліне кір сақтамайтын ақпейілді, шыншыл адам болып өседі.
Холерик - қимыл әрекеті тез, төзімді, сыртқы тітіркендіргіштерге
жылдам реакция бере алатын, жүйесінің ерекшілігіне қараганда
тежеуден қозуы басым ұстамсыз типтегі адам. Холерик темпераментіндегі
бала тәрбиеленбей, өз бетінше өссе, мінез ерекшелігінде өркөкіректік,
менмендік, шыдамсыздық, жеңілдік сияқты жарамсыз қылықтар
байқалады. Тиісті тәрбие беру нәтижесінде холерик өте алғыр, іс-
әрекетінде өз мақсатына жету үшін шапшаң шешім қабылдай алатын, ойы
ұшқыр, таусылмас күші иесі болып қалыптасады.
Флегматик - қимыл-әрекеті баяу, кездескен қиыншылыққа
төзімді, көпшілік ішінде ұстамдылығын байқата алатын сабырлы,
байсалды адам. Әрине, тиісті тәрбие берілмесе флегматик бала өзбетінше
дербес әрекет етуге батылы бармайтын, тәуекелінен гөрі уайымы басым,
іс-әркетінде сылбырлықты байқататын адам болып өседі. Жақсы тәрбиелеу
нәтижесінде флегматик бала бастаған жұмысын ыждаһаттықпен
аяқтайтын, шыдамды, сабырлы адам болып өседі.
Меланхолик - сыртқы көрінісінен көңіл күйін білдіре
қоймайтын, қимыл-әрекеті баяу, байсалды, шыдамды адам. Тиімді тәрбие
берілмесе, меланхолик темпераментіндегі бала жалқау, уайымшыл, өмірге
бейімсіз болып өседі. Ал тиісті тәрбие төзіне салуға байланысты
меланхолик бала өте сабырлы, төзімід мінез көрсетеді.
Демек, мінез бітістерінің қалыптасуы адамға әсер ететін барлық нәрселерге байланысты екендігін олардың күрделі құрамынан байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: |