Сәкен Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы 25 ақпан 1939, Алматы, Қазақ кср, ксро) қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі24,37 Kb.
#185932
1   2   3
Байланысты:
Қосымша 2. С.Сейфуллин (1)

Азамат соғысынан кейін
Қазақстан пошта маркалары, 2006 жыл: Уәлиханов, Сейфуллин, Төреқұлов, Сәтпаев
Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды. Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.
Дерек көзі: “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 


Сәкен Сейфуллиннің ғылыми еңбектері

Қазақ әдебиеттану ғылымының іргетасының қалай қаланып, қалыптаса бастауы осы Сәкен Сейфуллин өмір сүрген кезеңнен басталады. Ұлт зиялылары жеке тарапта бірнеше саяси көзқараста болғанмен, баршасының діттегені қазақтың оянуы, ұлттық сауаттылықтың артуы, егемендік жолы еді. Дақпырт пен ұраншылдықтан опық жейтінін түсінген олар бір мезетте білім-ғылым базасын жетілдіруге кірісіп кеткен болатын.


Сәкен Сейфуллиннің ғылыми еңбектерінің бір саласы қазақ әдебиетіндегі сын жанрының өркендеуімен, әсіресе, әдебиеттану ғылымының қанат қағып, даму кезеңімен тұстас келгенін білген абзал. Әрі сол тұста кеңестік кезеңнің үстем ой-пікірінің Сейфуллинге ықпал жасағанын да ұмытпалық. Әлдебір сөйлемдерге бола күллі еңбекке қара жабу қасаңдық.
Ол 1924 жылдары Орынбор қаласында қазақ жастарының клубында арнайы дәріс оқиды. Тақырыбы: «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы». Яғни, үнемі ізденісте, дайындықта жүргені осы уақыт аралығынан ілгеріде басталғанын байқаймыз. 1928 жылы да Ташкенттегі Қазақ-қырғыз ағарту институтының студенттеріне қазақ әдебиетінің жай-күйі жайында баяндама жасап, білімге сусаған жастардың әдебиетке деген шөлін қандырып, мәдениет пен өнердің оларға мәлім емес қыр-сырын, құпиясын білуге жол ашады.
Белгілі ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы Сәкен Сейфуллин көне мұраларды, жеке ақындар шығармашылығын жинағанда мынандай жолдарды пайдаланған дейді. Олар:

  • Қазақтыңбіразжерінаралап, көнекөзқариялардыңаузынанөзіжазыпалады.

  • Елден естігендерін жадында сақтаған.

  • Біржан сал, Ақансері, Балуан Шолақ ұрпақтарымен кездесіп, біраз деректер алған.

  • ҮкіліЫбырайды, Жамбылды, Кененді, ИманЖүсіпті, Ғазизді көп тыңдаған.

  • Ә.Диваевтан көптеген керекті материалдар алған.

  • 1929 жылдан бастап студенттер арқылы жинастырған

  • 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне ашық хат жазып көпшіліктің көмегіне сүйенген.

Міне, осындай жолдармен қазақ фольклорының ақы қүлгілерін жинауда Сәкен еңбегі өлшеусіз құнды дүние болды. Үздіксіз ізденіс үстінде жүрген ғалым сол уақыттың өзінде табылған дастан-жырлар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырып, арасында мерзімді баспасөздерге беріп отырған.Оның негізгі зерттеу еңбегі «Қазақ әдебиеті» деген атпен 1932 жылы жарық көрген. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын», Ақансері мен Ақмола ақынның өлеңдер жинағын, Бейімбет Майлинмен бірігіп «Әдебиеттану оқу құралын», Өтебай Тұрманжанов пен бірге 5 сыныпқа арналған «Көркем әдебиет» оқулығын шығарады.
Аталған жинақтарда көне жыр-дастандармен қатар қазақтың жыр дүлдүлдерінің өлеңдері мен айтыстарына дейін енгізілген. Сол кездегі батыл жаңалық болған еңбектер одан кейінгі ғылым жолы үшін соны серпіліс берді. Солақай билік өкілдері кітаптар арасынан өкіметке қарсы кертартпашылыққа бой берген деп айып та тағады. Ат төбеліндей ғана Сәкендей зиялылардың бүгіні үшін емес ертеңі үшін мойымай ғұмыр кешкенінің жарқын дәлелі осы.
Дерек көзі: http://old.el.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет