Сәлеметсіз бе Асхат Қанатұлы!



Дата03.11.2022
өлшемі13,93 Kb.
#156358

Сәлеметсіз бе Асхат Қанатұлы!
БҚО,Жаңақала ауданы,Жаңақазан ауылында мектепте педагог-сарапшы өзін-өзі тану мұғалімімін.Осы салада 9 жыл еңбек өтілім бар.Бірақ биылғы оқу жылындағы өзгерістерге байланысты пәніміз алынып қалғанын білесіз.Қазіргі таңда кәсіптік бағдарлаушы және 4 сағ жаһандық құзіреттілігім бар.Енді біздің талап арызымыз барлық БҚО өзін-өзі тану мұғалімдері атынан санатымыз сақталса екен.Өзін-өзі тану маманы кәсіптік бағдарлаушы тағайындалса категория 5 жылға жарамды, сақталады деп айтқанмен біздің ауданның білім бөлімі бұйрық жоқ деп категориямызды төлемей отыр.Сіздердің тарапыңыздан санат сақталады деген бұйрық шығарып берсеңіздер екен.Біздің бір үндеуімізді құлақ асып тыңдасаңыздар екен.Пәніміз алынды обал,қиянат болды.Өзіміздің көңіліміз түсіп жүргенде кәсіптік ашылды деп қуанып едік.Қуанышымыз ұзаққа бармай су сепкендей басылды.Айлығы өте аз.Біріміздің отбасымыз,біріміздің кредитіміз бар.Өзім таза өзін-өзі тану мұғалімімін колледжден кейін универді жалғастырып 2 диплом алдым.Енді қызығын көремба дегенде осындай жағдай болды.Ең болмағанда уақыты біткенге дейін категориямызды сақтасаңыздар екен.Жан айқайымызды тыңдап,осы уақытқа дейін тер төккен еңбегімізді бағалап, категориямызды кәсіптік және жаһандық құзіреттілік бойынша сақтап, сіздердің тарапынан бұйрық шығарып берсеңіздер екен..Өтінішімді қабылдарсыздар.Рахмет!Бір жауап немесе хабары болады деген үміттемін.

Өтініш иесі: БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылынан Гүлбар Ерболатқызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет