Фразеологизмдер (Фразеологизмы)
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) екі немесе бірнеше сөздің тіркесі арқылы ғана мағына білдіретін сөз тіркестері. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді. Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы мейірімсіз, қоян жүрек деген тіркестің мағынасы — қорқақ.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады.
Тұрақты тіркестер идиома және фраза деп екіге бөлінеді.
Идиома – іштей бөліп-жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер тобын айтамыз. Мысалы: бүйректен сирақ шығару (орынсыз, жөнсіз іс), мұртын балта шаппайды (ешбір кемшілік, мұқтаж көрмей), аузына құм құйылды (жеңілу, үндемей қалу), жер-жебіріне жету (ұрсу, сөгу).
Фраза – идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында айтылады. Алайда оның идиомадан айырмашылығы құрамындағы сөздердің бәрі не біреуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып қалмайды. Мысалы: тайға таңба басқандай; тепсе темір үзеді; су жұқпайтын жорға, асқар тау, т.б.
Медицинаға және адамның дене мүшелеріне қатысты тұрақты сөз тіркестері:
Тұрақты сөз тіркестері өмірдің кез-келген саласына қатысты болуы мүмкін. Медицинаға қатысты тұрақты сөз тіркестеріне: ауру астан; ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген секілді тіркестерді жатқыза аламыз.
Ал дене мүшелеріне қатысты тұрақты сөз тіркестеріне қатысты тұрақты сөз тіркестері көп. Мысалы: төбе шашы тік тұрды; көзді ашып жұмғанша; мұртын балта шаппайды; жүрегінде түгі бар; ер жүрек; қас пен көздің арасы т.б. тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |