1-жаттығу. Берілген тіркестерді түсініктерімен сәйкестендіріңіз. (Ауызша орындау)
Жағадан алу
|
аса құдіретті, мықты
|
Жағасын ұстау
|
таңдану
|
Жағы сембеді (тынбады)
|
көп сөйледі
|
Жағына пышақ жанығандай
|
арық
|
Жайдың атқан тасындай
|
қылқындыру
|
Жалғанды жалпағынан басу
|
қорқу
|
Жанары кетті
|
тыным таппау
|
Жанды жегідей жеу
|
ескі дертті еске түсіру
|
Жаны зәр түбіне жету
|
молшылықта өмір сүру
|
Жаны сіріден жаралған екен
|
әлек болу
|
Жанын қоярға жер таппау
|
мықты
|
Жараның аузын алу
|
қиналу
|
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу
|
көзінің нұры кетті
|
Жауырынан жел өту
|
сазайын беру
|
Жегенін желкесінен шығару
|
азап шегу
|
Желкесін қасу
|
алыс
|
Жеме-жемге келгенде
|
шешуші сәтте
|
Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты
|
қысылу, сасу
|
Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі)
|
табан астынан бәле шықты
|
2-жаттығу. Мысалдарды оқып, асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықтап, талдау. (Ауызша орындау)
1.Саңырау – құлағының мүкісі бар, соқыр – көзі көрмейтін адам, өсекші – қосып айтатын адам. (сөйлеу стилінің лексикалық ерекшелігі-эвфемизм сөздер)
2.Басың қағыр – басың қалғыр, кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па. (сөйлеу стилінің фонетика-морфологиялық ерекшелігі – дыбыстарды түсіріп айту)
3. –Атың кім? –Кімсің?
– Адаммын. (сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшелігі – диалог)
4.Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
5. –Балақай, сурет сала білесің бе?
(сөйлеу стилінің фонетика-морфологиялық ерекшелігі – оқшау сөздерді қолдану)
6.Уау, қандай күшті!Оһо, би деп осыны айт.
А-а-а-а, құладым, ұстаңдар!
(сөйлеу стилінің фонетика-морфологиялық ерекшелігі – экспрессивті-эмоционалды сөздерді қолдану)
1-тапсырма. Тұрақты тіркестерді пайдаланып, 5 сөйлем жазыңыз.
Мысалы: Мен осы жиынға ат салыстым.
ат салысу – оказывать помощь, букв: пустить в ход коня
бас тарту – наотрез отказаться, уклониться
бой жазу – устроить отдых, букв: вытянуть тело
қабырғамен кеңесу – посоветоваться с близкими, родными,букв: посоветоваться со своим ребром.
сабыр ету – взять /себя/ в руки, букв: проявлять терпение
тісі батпау – не по зубам, бук: зубам не осилить
үрейі ұшу – до смерти испугаться, букв: улететь его духу
шаң жуытпау – оберегать, букв: пылинке не давать приставать (садиться)
іші ашу – переживать, сердце кровью обливается, букв: нутро жжет, как от яда
іші тар – завистливый, букв: нутро его тесное
су жүрек – трус, букв: водяное сердце
тас бауыр – бессердечный, букв: каменная печень
тіл қатпау – не произносить ни слова, букв: не подключать язык
құлақ қою – слушать, букв: положить уши
қол жұмсау – применять грубую физическую силу, бить кого-то, букв: пускать в ход кулаки
көш ілгері – намного превосходить кого-л. букв: быть впереди на расстоянии одной кочевки
қас-қаққанша – очень быстро
2-тапсырма. Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестерді екі бағанға ажыратып жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
Қас қаққанша, кілем қаққанша, су жүрек, су жүргізу, тіл қатпау, сүт қатпау, тас кесек, тас бауыр, құлақ қою, шаш қою, қол жұмсау, баланы жұмсау, көш ілгері, ілгері жүру, іші ашу, іші ауыру, бас тарту, арқан тарту, ат салысу, ат сату, бой жазу, сабақ жазу.
3-тапсырма. Мамандығыңызға қатысты кәсіби мәтін құрастырып жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |