Спектірлік сериялар – Атомның қайсыбір тұрақты берілген спектірлік сериясы үшін деңгейі мен барлық жоғарырақ энергия деңгейлері арасындағы ауысулар кезінде пайда болатын спектрлік сызықтардың реттелген жиынтықтары.
Спин–Бөлшектің кеңістіктегі өозғалысымен байланысты емес, оның меншікті импульс моменті.
Спин-орбиталық әсерлесу – Бөлшектердің (электрон) орбиталық және спиндік импульс моменттерінің шамалары және өзара бағдарлануларына тәуелді болатын әсерлесуі; бұл жүйенің (атомның) энергия деңгейлерінің нәзік жіктелуін тудырады.
Толқындық функция (пси-функция) – Кванттық мехникада бөлшек күйін бейнелейтін координат пен уақыт комплекс функциясы. Осы бөлшектің әйтеуір бір күйін белгілейтін толқындық функциясыболады (c1 және c2 – кез келген комплекс сандар) құбылыс кезінде энергияның сақталу заңын өрнектейтін формула: мұндағы m –электрон массасы, W-ұшып шыққан электронынң максимум энергиясы, А - шығу жұмыс.