Байланысты: Атомная физика оч класснаяяяяяяяяя (1)
Мозли заңы. Атомның әрбір электроны ядро мен "ішкі" және
"сыртқы" электрондар тудыратын электр өрісінде болады. Сыртқы
электрондар өрісінің ішкі электрондар энергиясына ешқандай әсері жоқ десе
де болады. Сондықтан рентгендік деңгейлердің энергиясы бірінші жуықтауда
сутегі тәрізді атомдар формуласына ұқсас формуламен есептеледі:
(15.2)
Сутегі атомы формуласынан айырмашылығы бүл формулада түзетуі
бар. Осы түзету тасалау (экрандау) түрақтысы деп аталады; ол ядро өрісінің
электрондармен экрандалуын ескереді. Z-ке тәуелді емес деуге болады,
бірақ п мен l-ге тэуелді. Жеңіл атомдардың K-кабығындагы электрондар
үшін осы қабыктың негізінен екінші электроны экрандаушы әсер етеді; осы
жағдайда 1. Жеңіл атомдардың L-қабыгының электрондар үшін 8. ның дәл мәндері тек тәжірибе жүзінде анықталуы мүмкін. Электронынан айрылған атом энергиясы оң таңбалы. Сондықтан, (15.2) формула мен сутегі атомы үшін формуланың таңбалары әр түрлі болады.
Энергияның сақталу заңына сәйкес рентген кванттарының энергиясы
атомның алғашқы жэне соңғы күйлері энергияларының айырымына тең:
(15.3)
Экрандау түрақтысын деңгейлер үшін емес, тікелей спектрлік сызықтар
үшін енгізуге болады. Сонда (15.3) формула ықшамдырақ түрге келеді
(15.4)
(15.3) формуладан элемент неғүрлым
ауыр болса, оның шығаратын сипаттамалық
рентген сәулелерінің толқыны, соғүрлым кысқа (жиіліктері үлкен) болатыны көрінеді. Сөйтіп рентген сәулесінің толқынының үзындығы элементтің атомдық нөміріне тәуелді. Осы заңдылықты 1913 ж. ағылшын физигі Мозли тэжірибе жүзінде ашкан. Ол К-серияның берілген сызығы жиілігінің квадрат түоірінщ элементтің Z атомдық номіріне тәуелділігі сызықтық байланыспен орнектелетінін тагайындаған (15.6-сурет):
мұндағы С, - тұрақтылар. С мен -ның баска мәндері бар осы формула L - серия үшін де, тағы басқа сериялар (М, N,...) үшін де дұрыс болады. Осы формула Мозли заңы деп аталады. Бір элементтен келесі элементке ауысқанда сипаттамалык рентгендік спектрлердің ығысуын осы формула аныктайды.