Семей 2018 Тақырыбы: «Креативтіліктің зерттелуі. Шығармашылық мәселесі және оның түрлері»



бет2/5
Дата09.01.2022
өлшемі75,09 Kb.
#110679
1   2   3   4   5
Байланысты:
7ea80fb9-3fe7-11e8-bb12-bcaec5508c5bСРО психодиагностика (1)

Креативтілік – (латынша creatio) – жасау, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті.

Креативтілік – тұлғаның құндылықтар жасаудағы, стандартты емес шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін көрсететін қабілеті.

Креативтілікті зерттеу екі бағытта іске асады. Ол креативтіліктің зияттан тәуелдігін және онымен байланысты танымдық процестерді өлшеуге бағдарланатындығына арналған. Екінші бағыт бойынша тұлға өз психологиялық ерекшелігімен бірігіп, креативтіліктің маңызды аспектісіне жататындығын көрсетеді.



Дж.Гилфорд және оның әріптестері 1954 жылдан бастап креативтілікті сипаттайтын 16 гипотетикалық зиятты қабілетті бөлген. Олардың ішінде:

  • уақыт бірлігінде туындаған идеялар саны ойлау икемділігі (бір идеядан екіншісіне көше алу);

  • сонылылық (жалпы көзқарастан айырмашылықтағы идеяларды құра білу);

  • қызығушылық (қарсы әлемдегі проблемаларға сезімталдық);

  • болжам құра білушілік;

  • ирреванттылық (реакцияның стимулдан логикалық тәуелсіздігі);

  • фантастикалық (стимул мен реакция арасында логикалық байланыстағы жауаптың шынайылықтан толық үзілгендігі).

Дж. Гилфорд креативтіліктің төрт маңызды көрсеткішін береді:

  • төтенділік – алыс ассоциацияларды қамтамасыз ету қабілеттілігі, ерекше бөлек жауап қайтару;

  • семантикалық қабілеттілік – объективті қызметін айқындап, жаңа қолданыс ұсыну;

  • бейнелі бейімделу қолайлығы – форманы қолдануға қажетті жаңа белгілерін байқау үшін стимул өзгерту;

  • семантикалық спонтанды қолайлылық – әр түрлі жағдайда түрлі идеяларды ойлап табу.

Жалпы интеллект креативтілік құрамына еңбейді. Кейінірек Дж. Гилфорд креативтіліктің алты параметрін көрсеткен:

  • мәселені қою және байқау қабілеттілігі;

  • көп идеялар қабілеттілігі;

  • бейімділік-қабілеттілік - әр түрлі идеяларды еске алу;

  • төтендік қабілеттілік – дәстүрден тыс жауап беру;

  • нысанды бөлшектер қосып жетілдіру;

  • мәселені шеше білу қабілеттілігі, яғни, талдау мен жинақтау қабілеттілігі.

Осы теоретикалық талдау негізінде Дж. Гилфордтың қабілеттерді тестілеуде жасаған бағдарламасы (АRР) өнімді дивергенттіктің ерекшелігін көрсетеді.

Креативтілікті бірінші болып Поль Торренс зерттеген. Ол креативтіліктің жаңа әрі стандартты емес идеяларды құра алу қабілетін ашқанша елуге жуық әртүрлі анықтамаларын тексеріп көрген. П. Торренс креативтілікті үш негізгі көрсеткіш бойынша өлшеуді ұсынған. Бірінші көрсеткіш – идеялар саны, ол адамда уақыт бірлігінде туындайды. Идеялардың көп бөлігі немесе қосымша болуы мүмкін, әлде болмаса шешімін табуда қолайсыз болуы мүмкін. Бұл үшін екі зерттеу үлгісі – икемділік пен сонылылық қолданылады. Икемділік қайталанбас идеялар санымен айқындалса, сонылылық – олардың сиректігі бойынша анықталады.



Креативтілік пен креативті ойлаудың ғылыми әдіснамалық негіздерін Е.Р.Торренс жалпы адамдағы креативтілік алдында кездескен қиыншылықтарды жеңіл шешуге көмектеседі деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет