«Семей қаласының №37 гимназиясы» кмм химия және биология пәні мұғалімі Шәріпхан Алма Ермекқызы Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»



бет4/5
Дата18.04.2023
өлшемі27,1 Kb.
#174792
1   2   3   4   5
Байланысты:
Патриот болу-парызың. Сынып сағаты

1.Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.
2.Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.
Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл-Тәуелсіздік және Астана.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссия­сына адал боламыз.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа­тының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.
Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол - Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір - тағдырымыз ортақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл -Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.
Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет