Семестрлік жұмысы №1 Тақырыбы: Пәннің атауы:Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану) Мамандық: «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»

Дата14.07.2023
өлшемі42,61 Kb.
#179441
Байланысты:
Семестрлік жұмысы №1-1

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті Ақпараттық технологиялар институты
Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік кафедрасы

Семестрлік жұмысы №1

Тақырыбы:

Пәннің атауы:Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану)
Мамандық: «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
Орындаған: Серікжан А.
Тобы: СИБк-21-4
Қабылдаған: Орынбекова Д.

_______________ _____________ «_____» ____________ 2023 ж.

"баға" "қолы" "күні"

Алматы 2023

Жоспар:

Кіріспе

3

  1. Қазақстанда социологиялық көзқарастың қалыптасу негіздері

4

  1. Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы

8

Қорытынды

12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

13

Саясаттың мәні және табиғаты

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды.
Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды.
Олар:
Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы);
Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);
Саяси мәдениет және сана;
Саяси даму және модернизация;
Саясат субъектілері;
Халықаралық қатынастар.
Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
2. Саясаттанудың әдістері мен категориялары

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіне тән ұғымдары бар.

Оның категорияларына төмендегі ұғымдар жатады.
Саясат және саяси билік, саяси мүдде саяси қатынас, саяси сана, саяси процесс, саяси мәдениет пен адамдардың саяси қызметі, қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру және саяси жүйе туралы білімдердің тұтас, жүйелі жиынтығы.
Саяси ғылым пәнін жан-жақты объективті түрде танып білу, осы ғылымның өзара бір-бірімен байланысты категориялары арқылы жүзеге асады. Бірде бір ғылым оның ішінде саясаттану ғылымы да тек өзіндік жеке категорияларға басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда кең және көлемді болып саяси институттарды саяси процестер мен құбылыстар саласын қарастырады.
Катергориялар-заттардың шын, объективтік адамдарға тәуелді болмайтын құбылыстары мен қатынастарын бейнелейтін идеялар, жалпы ұғымдар.
Саясаттануда оқытылатын заңдардың екі тобы бар:
Біріншісі- Саяси жүйелердің кез келген түрлері үшін ортақ заңдар
Екіншісі-Жүйелердің белгілі түрлеріне ғана тән арнайы заңдар.Ортақ заңдардың ішінде саяси билік түрінің әлеуметтік таптық қатынастар сипатына тәуелділері де, саяси және экономикалық билікпен өзара тығыз байланыстылары да бар. Арнайы заңдардан саяси жүйелердегі биліктер бөлігі мен бөлінісі,саяси биліктің заңдылығын тану сияқты елеулі түрдегі қажетті байланыстардың қалыптары көрініс табады.
Саясаттану заңдылықтар жүйесін 3 топқа бөлуге болады:
1топ Қоғамның экономикалық базисі мен саяси билігі арасындағы арақатынасты көрсететін саяси-экономикалық заңдылықтарды қамтиды.
3.Саясаттану әдістері:

Салыстырмалы әдіс түолі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға оны танып білуге мүмкіндік береді. Ол арқылы елдегі саяси тұрақтылық пен саяси ахуалды бағалауға, нақты саяси шешімдер қабылдауға жағдай туады. Ол өзгенің тәжірибесіне сүйену

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымны бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, өзге құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және сана деңгейіне т.б. жағдайларына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастырады. Бұл әдіс әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олардың болған уақытын мезгілін ескере отырып соның негізінде танып-білуді қажет етеді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын танып-білуге негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекетін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.
4. Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде:
1) саяси теория;
2) саяси институттар;
3) саяси партиялар, топ¬тар, қоғамдық пікір;
4) халықаралық қатынастарды анықтады.
Сонымен бірге, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлүмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.

4.Саясаттанудың құрамдас бөліктері

Саяси ой-пікірлер тарихы (Саяси өткенді бірізді ж/е жүйелі тұрғыда зерттейді.

Саяси психология (әлеуметтік топтардың әдет –ғұрып, мінез,көңіл-күй ерекшеліктерін зерттейді)
5.Саясаттанудың атқаратын қызметтері

1.Танымдық қызмет – саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

2.Бағалау қызметі – саяси құрылысқа, иниституттарға, іс - әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
3.Реттеушілік, басқару қызметі – адамдардың саяси өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағұлұматтар береді.
4.Болжау қызметі – ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқтайды. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты сонда.

6.Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны

Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызды. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.

Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен де тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, іс - әрекетін реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен иниституттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарыстырады, реттейді.
Келесі саясаттануғка жақын ғылым - әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс – жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді.
Саясаттану тарихпен байланыста болады. Ол жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси иниституттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.
7.Саяси ғылымның құрылымы

Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген.

Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
ірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағұлұматтар береді.

Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды.
Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.
Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет