Дәріс №7
Биологиялық ресурстар, ландшафт және табиғи антропогендік ландшафттарды тиімді пайдалану және қалпына келтіру.
Жер шарының тығыз қоныстанған аудандарында өсімдіктер дүниесі үлкен өзгеріске түскен. Адамдардың өсімдіктер дүниесіне әсері әсіресе ормандарды кесу, емдік қасиеті бар, техникалық, азық түлікке қажетті өсімдіктерді жинау, интродукция, шөп шабу, шалғындарды өртеумен қатар мал жаю, климатты өзгерту, атмосфера мен топырақты ластау сияқты мысалдардан көрінеді. Жер шарындағы ормандардың 2/3 бөлігі кесілген, Қытайда, АҚШ та климаттық өзгерістерге әкелген. Адамдардың ормандарды аудандарды қалпына келтіруде жасап жатқан шараларына қарамастан ормандар көлемі азаюда. Ресейде қылқан жапырақтыормандардың орнына жалпақ жапырақты, кей аудандарында шалғындар пайда болуда. Орман өрттері де адамның әсерінен болады, тіпті шабындық жерлер даярлау үшің адамдар ормандарды әдейі өртеуге барады. Алып секвойяның 500 экземпляры Съерра Невада (АҚШ) қорықшаларында сақталған. Еділдің төменгі саласында ертедегі қасиетті өсімдік лотос сақталған. Жайық өзені аңғарында қара сулар төңірегінде су жаңғағы сақталған. Ал, Латвияда тисс, су жаңғағы ХІ ғасырда ғана соңғысы кездескен. Италияда 129, Грецияда 72, Қазақстанда 20 түрлі өсімдік түрлері жойылу қаупінде тұр. Ал, кергулен орамжапырағы жер бетінен мүлдем жойылып кеткен. ХІХ ғасырда өнеркәсіп дамуымен қатар атмосфераға, суға, топыраққа әр түрлі химиялық заттардың тасталуы арам шөптермен күрес нәтижесінде өсімдіктерге күшті әсер етті. Чехославакияда 1945 жылы атмосфераға тасталған қалдықтар нәтижесінде бірнеше га ормандар азайды. Егістіктерге тасталған гербицидтер арамшөптермен қатар шөптесін және ағашты өсімдіктерді құртуда. Адамдар өсімдіктер дүниесіне зиянды әсерін тигізіп қана қоймайды. Пайдалы жақтарын да тигізеді. Селекция нәтижесінде 1000 картоп сорты, 4000 бидай, 2000 алма, 5000 алмұрт, 2000 алхоры, 10000 раушан гүлдердің сорттары пайда болды. Қант қызылшасының құрамындағы қант 6-24% көбейген. Көптеген түрлер қайтадан қалпына келтірілуде. Қиыр шығыста женьшень, АҚШ та, Жаңа Зеландияда табиғат құбылыстарының әсерінен астам 500-ден астам арам шөптер түрлері пайда болды. Қасиетті Елена аралында 72 түрлі өсімдік болса 1500-1800 жылдар аралығында 712 түр пайда болды. Ресейде 1130 түрлі ағашты өсімдіктер түрлері ботаникалық бақтарға әкелінген. Кейбір интродукцияланған өсімдіктер кактус пен опунция АҚШ тан Австралияға әкелінген.
Жануарлардың тіршілік үшін маңызы зор, оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың терісі, сүті, еті өте бағалы.Адамдар жануарларды ерте кезден қолға үйреткен, оларды пайдалана отырып, кейбір түрлердің жойылуына себепкер болып отыр.
Адамдар жер шарындағы жануарлардың түр құрамына тура және жанама әсер етуде. Ертеде адамдар қандай да бір мақсатқа жануарларды пайдаланса, ал қазіргі таңда химиялық заттармен, жасанды радиациямен, радиотолқындармен , транспортпен тура және жанама түрде әсер етуде. Құбырлар, жасанды тоғандар, каналдар т. б. жұмыстар жасағанда жануарлардың жолдарына кедергі жасайды. Шөп шабу, ормандардың өртенуі, т.б. жағдайлар жануарлардың тіршілік ортасын өзгертеді. Сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардың интродукциясы олардың санының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, Фишердің мәліметі бойынша 1600-жылдан бері сүт қоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне әсер еткен. Олардың қатарына кезеген кептер, қанатсыз гагарка, стеллер сусиыры, тур, тарпан т. б. жатады . Қазақстан республикасында сүтқоректілердің – 155, құстардың-481, бауырымен жорғалаушылардың-48, қосмекенділердің-33 , балықтардың-140 түрі тіршілік етеді.
Соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған –антропогендік фактор.
Достарыңызбен бөлісу: |