Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Дәріс №12 Орман экожүйесі, оны қалпына келтіру



бет58/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90
Дәріс №12

Орман экожүйесі, оны қалпына келтіру.
Ормандар адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған , табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі. Екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен сипатталатын , ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе: үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор: төртіншіден ,жануарлардың мекен ету ортасы: бесіншіден , орман – шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық- гигиеналық , тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы бар.

Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд. га дан астам. Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32,2 % -ға тең.

Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық және механикалық ( физикалық ).

Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі. Өнімділігі орташа орманға есептесек,

1 га орман жылына 6-7 т. көмірқышқыл газын сіңіріп, 5-6 т. оттегін бөліп шығарады.

Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында (детрит), топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған.

Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқада бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да (бірінші ретті), физикалық тұндыру ( екінші ретті) арқылы да жүзеге асырылады.

Қазақстан бойынша орман қоры аумағының алып жатқан жер көлемі 25,6 млн га болып, республика жерінің 9,7 % құрайды.


Дәріс №13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет