СӨЖ – дің негізгі түрлері және олардың орындалу ережесі.
- Реферат - бет А4, көлемі - 8-10 бет, шрифт №14. (терілген нұсқа). Құрылымы: тақырыбы, жоспары, кіріспе, тақырып актуальдылығы және практикалық маңыздылығы, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
- Тақырып бойынша конспект – арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Құрылымы: тақырып аты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау, пайдаланылған әдебиеттер. Қажет жағдайда сурет, диаграмма т.б. графикалық материалдар болуы тиіс.
- Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім және баяндау тілі бағалауда ескеріледі. Жазбаша жұмыс: ерекше талаптар қойылмайды. Студенттің мәліметті жазбаша түрде орындайды. Баяндама - А4 парағы, көлемі – 5-6 бет., шрифт-14. (компьютерде терілуі қажет). Мазмұны: фактілер, салыстырмалы түрде талдауға болады
- Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӨЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кестенің атауы, терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет. Диаграмма мен суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.
- Глоссарий (анықтама-сөздік) - арнайы СӨЖ арналған дәптерде орындалады. Терминдердің анықтамасы жазылады. Жеке дәптер арнап алфавит тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.
Қараңыз: «Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» 3.1 кесте және «Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі» 4 тарау.
Орындалған барлық өзіндік жұмыстар СӨОЖ-де тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |