Семинар №15.
Тақырыбы: Нұрсұлтан қаласы - Қазақстанның жаңаруының, оның көп ұлтты халқының қалыптастырушы энергиясының символы. 1 сағат.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Қазақстанның тәуелсіздігі және Нұрсұлтан қаласы.
2.«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы.
3.«Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты.
4.ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы.
5. ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы /2019ж, қыркүйек/
Әдістемелік нұсқау: Нұрсұлтан қаласының Қазақстанның жаңаруындағы роліне, «Мәңгілік ел» идеясының негіздері, кезеңдері, Мәңгілік елдің құндылықтарының мазмұнын ашыңыз. ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесіне өз пікіріңізді айқындаңыз. «Жаңа гуманитарлық білім, 100 қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні, «Туған жер» бағдарламасының қолға алынуын баяндаңыз. ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауындағы /2019ж, қыркүйек/ негізгі мәселелерді анықтаңыз. Тақырыпты баяндау барысында айтатын мәселеңізді айқындап алыңыз, оның шешімін тауып, нақты дәлелдеріңізді келтіріп, мәселені жүйелі баяндаңыз. Семинар сабағы пікірталас, презентация қорғау және т.б. түрде өтеді, UNIVER жүйесіне дәріс-конспект, ОСӨЖ, СӨЖ тапсырмалары жүктеледі, бейнесабақтарды өздеріңізге қолайлы уақытта қарай аласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |