Әдістемелік нұсқау: Студенттер семинарға дайындық барысында Қазан төңкерісі нәтижесінде большевиктердің билікке келуі бұл оқиғаға Ә.Бөкейхановтың өз ұстанымын білдіруі, Желтоқсандағы жалпы қазақ съезі мен Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда үкіметінің құрылуы туралы мәліметтер қарастырылуы тиіс. Азамат соғысына қазақ өлкесінің тартылуы және оның қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі, әскери коммунизм саясатының мәні, азық- түлік салғыртының енгізілуі, ЖЭС-қа көшу қажеттілігі және т.б. мәселелер туралы студенттің түсінігі болуы тиіс.Сонымен бірге айта кету керек, сабақта қызықты, мазмұнды, мәселенің негізін өз сөзіңмен жеткізуде аудиторияны сезіне білу, аудиториямен жұмыс жасай білу болашақ мұғалімдер үшін қажет. Семинар сабағы пікірталас формасында өтеді, UNIVER жүйесіне дәріс-конспект, ОСӨЖ, СӨЖ тапсырмалары жүктеледі, бейнесабақтарды өздеріңізге қолайлы уақытта қарай аласыздар.
Әдебиеттер:
1.Абдоллаев Н.А. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Ақтөбе, 2016-343 б.http://neb.arsu.kz/
2.Абдуллаев , Н. А.История независимого Казахстана (1900-2018 гг.0 [Текст] : учебное пособие / Н. А. Абдуллаев . - Астана : Туран, 2019. - 315 с.
3.Айдарбаева, Р. Қазақстан тарихы [Кестелер, сызбалар, диаграммалар] : оқу құралы / Р. Айдарбаева. - Астана : Фолиант, 2015. - 200 бет
4.Шаяхметов. Н. ХХ - ғасырдағы Қазақстан тарихы [Текст] : оқу құралы / Н. Шаяхметов. - Алматы : Эверо, 2014. - 348 бет.
5.Тулентаева К.А. Қазақстан тарихы (1917-2017 ж.ж.) құралы. Алматы: "Ақнұр баспасы, 2018-418 б.4.
6.Бейсенова, Ә. С.Қазақ елі-Мәңгілік ел [Текст] : монография / Ә. С. Бейсенова. - Алматы-Астана : Қазақ университеті, 2017. - 385 бет.
7.Национальный аналитический обзор ,посвященный казахстанской модели общественного согласия и единства [Текст] : по итогам 25-летия независимости Республики. - Астана : KERULEN KZ, 2016. - 128
Достарыңызбен бөлісу: |