Үй жұмысы Есептер:
№1. Тайгадағы ауылда орманшы жалғыз кәсіпкер деп алайық. Орманшының еңбекке сұраныс функциясы DL=102 – 2L, ал еңбекке ұсыныс функциясы:
SL=6+L. Монопсония жағдайындағы нарықтың тепе теңдігін анықтаңыздар (еңбекақы төлеу деңгейі және жұмысбастылық қандай болады?).
№2. Монополисттің жан жағынан еңбекке сұраныс қисығы DL=102–2L, ал еңбекке ұсыныс функциясы: SL=6+L. Егер басшылық еңбекақы төлеудің минимум сағаттық мөлшерлемесін 40 ақша бірлік етіп белгілесе, онда нарықтық билік жағдайындағы екбекақы төлеу деңгейі және нарықтағы жұмысбастылықты анықтаңыздар (еңбек нарығындағы (∆L) жұмысбастылық қалай өзгереді?).
№3. Жерге сұраныс функциясы QD=3800-20R, мұнда QD – жер ауданы, ал R – жер рентасы мың теңгемен есептегенде. Егер сатылатын жер ауданы 1200 га болса, онда қарыз пайызы (r) 10% болғанда, жер бағасын анықтаңыздар (гектар бағасы қандай болмақ?).