Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


тақырып: Мемлекет және құқық негіздері



бет33/70
Дата10.10.2020
өлшемі0,68 Mb.
#64427
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
2 тақырып: Мемлекет және құқық негіздері

Мақсаты : Мемлекет және құқық негіздері маңызын таниды.

Негізгі сөздер : монархия, федерация, дуалистік.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. Басқару нысанының ұғымы мен түрі.

  2. Мемлекет құрылысының нысаны ұғымы мен түрі.

  3. Саяси режим түрі мен ұғымы.

  4. Мемлекеттік аппарат (мемлекет механизм).

Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

2. Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өікілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асырылуына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, бсақарудың негізгі түрлері болып моанрхия мен республика болып табылады.

Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.

Егер мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезеңінде өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламеттік монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттік сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиісілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық мемлекеттер, өз кезеңінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:

а) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады;

ә) президенттік, бұл мемлекетке сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады;

б) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.

1.Мемлекеттік құрылым нысандары – бұд мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекеттпен қарым – қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғарғы органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманының ортақ жүйесі, отрақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық дейгейі әртүрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік – құқықтық мәртебесі болмаған.

Конфедерация - империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастар субьектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы , билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.

Федерация – бұл күрделі одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғары федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субьектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екі каналды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық – мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.


  1. Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай екі түрлі режим бөліп атауға болады – демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Демократиялық режимнің белгілері:

    1. халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықты билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;

    2. шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

    3. мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларының есеп беруі жариялылық;

    4. сендіру, келісу келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

    5. қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

    6. адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнәнде қамтамасыз етіледі;

    7. саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;

    8. биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады:тирания, диспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер.

Антидеморатиялық режимге мына белгілер тән:



    1. бір саяси партияның үстемдігі;

    2. бір ресми идеологияның болуы;

    3. бір меншік түрінің болуы;

    4. саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;

    5. қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілері бойынша бөлінуі;

    6. халықтың төмен экономикалық дейгейі;

    7. мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;

    8. сыртқы саясаттағы агресссиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет