Семинар-15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал, 2011 ж



бет7/19
Дата06.07.2018
өлшемі1,83 Mb.
#47328
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

2. еңбектену кезеңі, адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы енеді.

3. еңбектенуден кейінгі кезең, егде шақта еңбек әрекеті тоқтаған кезде жүреді.

Әлеуметтену процесі барысында тұлға түрлі рольдерді орындайды. Оларды әлеуметтік рольдер деп атайды. Рольдердің көмегімен тұлға өзін көрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар.

Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену процесі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:

макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді;

мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос - әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;

микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Тұлға дамуының мәні неде?

2. «Жеке тұлға» және оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз.

3. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.

4. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай?

5. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-әдіснамалық амал-тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз.

6. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.

7. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз.

8. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.

9. Әлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мәні неде?

10. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен қандай байланыста?
7 дәріс тақырыбы: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері.

Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.

Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер.

Жоспар.

1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктері.

2.Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктері.
1. Адамның мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.

Мектепке дейінгі балалық шақта жас баланың 4-7 жас аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезгендерін зердесіне хаттай жазып ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да өсіп отырады. Баланың 4 жастағы салмағы 15-16 кг, ал бойы 100 см болса, 5 жастағы салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады.

4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Әжептәуір санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды айдың, күннің, жылдың мезгілдерін айыратын халге жетеді. бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. баланың мектепке 6-7 жасында баруы негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсіндіріледі. Дендері сау болып дүниеге келеген балалар қашан да алғыр, зерек, ұғымтал болып келеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап, қабылдауға бейімделеді. жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайды.

Мектепке дейінгі тәрбие – жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту туралы және оның негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл кезеңде баланың дамуы тез, үдемелі болғандықтан, әлсіз де нәзік, кінәшіл болып келеді. Бала осы шақта сөйлеуді меңгереді.

Бұл кездегі бала тәрбие мен қоғамның, ортаның ықпалын қабылдағыш, тез әсерленгіш, ми қатпарлары шартты байланыстардың шапшаң құрылуына қабілетті болады да, тұрақтанады, орталық жүйке жүйесі икемді болып келеді. Адамдардың тіршілігі, айнал табиғат туралы алғашқы түсініктері дамиды.

Мектепке дейінгі тәрбиенің жалпы міндеті – дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету. Осы кезде игерген баланың рухани байлығы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс дамуына негіз болады.

Баланың ішкі әсерленуіне тұқымқуалаушылық жолымен ауысқан әр балаға тән табиғи қасиеттері жүйке жүйесінің даму дәрежесімен, типі, темпераменті мен дене даму ерекшелегіне ықпал етеді. Баланың дұрыс дамуына тиімді тәрбиелік басщылық пен жағдай қажет. Оған дұрыс жасалған күн тәртібін сақтау, ағзаны нәрлі тамақпен қамтамсыз ету, олардың іс-әркетін ұйымдастыру, оқыту, үйрету, тәрбиелеу енеді. Бала әрекетінің негізгі түрі ойын болып табылады. Ойын үстінде баланың ой-өрісі кеңейеді, ақыл-ойы дамиды, мінез белгілері мен адамгершілік қасиеттері қалыптаса бастайды. Еңбек әркеті де ұйымдастырылуы тиіс: өз бетімен тамақтануы, киінуі, ойыншықтарын орнына қоюы, үй шаруашылығына көмек беруі. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде балабақшаның маңызы үлкен.

2. Кіші мектеп жасындағы балалардың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінң салмағы екі есе артып, 18 кг-нан 36 кг-ға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни. ол 5 жаста үлкен адам миының 90 % болса, 10 жаста 95 %-на тең болады.

Жүйке жүйесінің жетілуі жалғасады, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. Баланың білім алудағы іс-әрекеті (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) де бірте-бірте дамиды. Бала тек білім алуды ғана емес, оны қалай меңгеруді де үйренеді. Білім алудағы баланың маңызды іс-әрекеті – бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Осы жастағы баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді таныға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден тұрады, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебеін ашуға тырысады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы негізгі ойлау түрі болып табылады. Осы жастағы бала өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Олар интеллектуалды тапсырмаларды назарында ұстауға, қиялдауға қабілетті. Ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғышарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі.

Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері бар: 1) нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, 2) оқи және жаза алу. Тіл меңгеру базасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып және өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады.

Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Бастауыш мектеп оқушысы үшін ең маңызды тұлға – педагог.

Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3-6 жастағы қарым-қатынастары неізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6-12 жас аралығында мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады. бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі.

Осылайша, бастауыш сынып жасы баланың мектепке баруымен айқындалады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Оқушының «дамуы», «тәрбиесі», «жеке тұлғалық қалыптасуы» деген түсінікті ашыңдар.

  2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

  3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

  4. Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері қанджпай?

  5. Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктерін есепке алу қалай жүзегше асырылады?

8 дәріс тақырыбы:



Орта және жоғары мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері.

Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.

Тірек ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер, акселерация, дарындылық, девиация.

Жоспар.

1. Орта және жоғары мектеп жасындағы баланың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктері.

2.Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.

3.Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.


1. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағына қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кезең болып есептеледі. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтар осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылым морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда сыни көзқарасқа бейім болып келеді.

Бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өз орнын табу. Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістіктерге жағдай жасау, құндылықтарын қалыптастыру.

2. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды роль атқарады. Бұл жаста (15-17) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады.

Бозбалалық шақ әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық процесс шартты түрде екі кезеңге бөлінеді:

1) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі;

2)өзіндік пубертаттық кезең, бұнда жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады;

3) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.

Жастық шақ – ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.

Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік «Мен» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.

Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болып табылады.

3. Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тәнсапалық ерекшеліктері болады. Жеке ерекшелік - адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Жеке даму жолы оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай екі ерекше бағытқа бөледі:

- қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері;

- дарынды балалар мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.

Дарындылық – адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік – бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Психологиялық жағынан қараусыз қалған – ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруы. Мұндай балаларды девианттар деп атайды.

Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай, олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану.

Темперамент – адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /сангвинник, флегматик, холерик, меланхолик/.

Тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, сеьеьі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор роль атқарады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы не білесіз?

2.Жас және жеке ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескерудің мәні неде?

3.Орта мектеп жасындағы баланың дамуы мен тәрбиеленуінде қандай ерекшеліктер бар?



  1. Жоғары мектеп жасындағы баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.

  2. «Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін білу және оны педагогикалық процесте ескеру мұғалімге не үшін қажет?

  4. Жеке ерекшеліктер дегеніміз не?

  5. «Акселерация», «дарындылық», «девиация» ұғымдарына сипаттама беріңіз.

9 дәріс тақырыбы: Тәрбие теориясы - педагогиканың құрамды бөлігі ретінде



Тірек ұғымдар: тәрбие теориясы, тәрбиелеу мақсаты

Жоспар

1. Тәрбие теориясы және тәрбиеге жалпы сипаттама.

2. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, категориялары және тәрбие-білім беру мақсатын орындаудағы арнайы ұйымдастырылған әрекет ретінде.

3. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбиеге көзқарастар эволюциясы.

1. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Сондықтан барлық педагогикалық жоғары және орта оқу орындарының болашақ мұғалімдерді педагогика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру басты міндет болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби даярлығының тиімділігі көбінесе теориялық әдістемелік қалыптасуының жаңа мазмұнымен анықталады. Студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауға, әсіресе, олардың ынтасын қалыптастыруға педагогика пәні, оның «Тәрбиелеу теориясы» бөлімі зор ықпал жасайды.

Тәрбиелеу теориясы - тарихи құрылған және XIX ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде шығарып қойды. Бара-бара тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала бастады.

Уақыт өткен сайын бұл міндеттердің шеңбері өзгерді, жетілдірілді, жаңалармен толықтырылды, қазіргі уақытта мынадай мәселелерді атауға болады: қазіргі тәрбиелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау; тәрбиелеудің объективті заңдылықтарын анықтау және осы негізде педагогикалық практиканы жетілдіру; қазіргі жағдайдағы тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және формаларын анықтау; тәрбиелеу теориясының басқа ғылымдар салаларымен пәнаралық өзара әрекетін тереңдету; гуманистік тәрбиенің педагогикалық технологияларын жасау және тәрбиелеу практикасына енгізу; тәрбиелік жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, т.б.

Тәрбие ең алдымен адамдарды материалдық игіліктерді өндіру ісіне қабілетті, қолынан келетін етіп дайындауға бағытталуы қажет. Себебі басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласа бастасымен- ақ, сол қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүруі тәртібі арқылы меңгереді.

Тәрбие дегеніміз адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі.

2. Тәрбие қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру принципі. Тәрбие арқылы аға ұрпақтың тәжірибесі кейінгі буынға беріліп, меңгеріледі, олардың сана –сезімі, жағымды мінез-құлқы дамып жетіледі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде бралық тәрбие салаларын қамтиды .

Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп алдын –ала ойластырылған жастарды өмірге әзірлеу, барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.

Тәрбиелеу мақсаты - бұл тәрбиенің ұмтылатын нәрсесі, болашақ, оны орындауға тәрбиенің күші бағытталады.

Мақсатқа бәрі бағынады: тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылуы, формалары және әдістері.

Қоғамдық дамудың тарихы тәрбиелеудің мақсатын қалай болса солай шығаруға болмайтынын көрсетіп отыр. Тәрбиелеу мақсатын таңдағанда, қойғанда және тұжырымдағанда табиғаттың, қоғамның, адамның дамуының объективті заңдылықтарына сүйену керек. Тәрбиелеу мақсаты қоғамның дамуының сұранысымен анықталады және өндіріс тәсіліне, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына, педагогикалық теория мен практиканың дамуының жеткен деңгейіне, қоғамның, оқу орындарының, мұғалім мен оқушылардың мүмкіншілігіне тәуелді.

Тәрбиелеу мақсаты жалпы және жекелік болып бөлінеді. Прогрессивтік педагогика жалпы және жекелік мақсаттардың бірлікте және қатарынан атқарылғанын қалайды.

Қоғам тұжырымдаған шынайы тәрбие мақсаты объективтік сипатта болады. Тәрбие мақсаты субъективтік сипатқа да ие. Мысалы, нақты отбасы өздері үшін баласын қандай қылып өсіретіні туралы шешім қабылдайды. Мұндай мақсат объективті мақсатпен үйлесуі де мүмкін, оған қарама-қайшылықты да болуы мүмкін.

Тәрбиенің мақсаты тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту болып табылады. Жан-жақты дамыған тұлға ақыл-ой дамуы, жоғары дәрежедегі жалпы политехникалық білімі, дене және ақыл-ой еңбегіне психологиялық және практикалық даярлығымен, адамгершілік, эстетикалық және денелік дамуының бірлігімен әр түрлі материалдық және рухани сұранысымен сипатталады.

Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылысын көрсетеді. Оны практикалық жүзеге асырғанда ол нақты міндеттердің жүйесі ретінде болады. Мақсат және міндеттер тұтас және бөлік, жүйе және оның компоненттері ара қатынасы ретінде болады. Кейде тәрбиелеу мақсатын - бұл тәрбиенің шешетін міндеттерінің жүйесі деп атайды.

Тәрбиелеу мақсатына мынадай міндеттер кіреді: ақыл-ой, (интеллектуалдық), денелік, еңбектік, адамгершілік, эстетикалық (эмоционалдық) тәрбие.



3. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әрбір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленушілердің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл ету үшін соғыс өнеріне, жаулап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиелеу болды.

Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырлады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, онсыз ілгері дамымайды.

Таптық қоғамда реакциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады

Мұғалім қандай адамды қалыптастыратындығын дәл білуі керек.

К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын алып келіп бір жерге үйіп тастаған, бірақ не алғысы келетінін әлі білмейтін архитектормен салыстырады. Тек қана жас ұрпаққа қандай білім, іскерлік, дағды беру керектігін, қандай сезімді оятуды білгенде ғана жоспарлы, мақсатқа бағытталған түрде тәрбиелеуге болады.

Я.А. Коменский “тәрбие мақсаты және міндеттері, оның маңызы және жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталуы керек’’

деген пікірде болды . “Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты”. Осы ойын “Ана мектебінің“ кіріспесінде өрбітеді. Тәрбиені мақсатты адам қалыптастырып және жетілдіретін үйлесімді үрдіс деп Я.А.Коменский тәрбие мақсатына сәйкес төмендегідей негізгі элементтерге бөлді.

Тәрбиенің мақсаты:

Адамға барлық заттарды білгізу – “ғылыми білім”.

Заттардың және өз-өзінің қожасы ету - “адамгершілік”.

Құдайға, заттарға, жаратушыға құлшылық ету – “діни тәрбие”.

Тәнін сау ету – “дене тәрбиесі” деп қарастырады.

Швейцария педагогы, демократ И.Г.Песталоцци (1746-1827 жылдары) 50 жыл ұстаз болып, еңбекші халықтың балаларының тәрбиесі мен білімін өзгерткісі келді. 1774-1780 жылдары Нейгоф қаласында жетім балалар мекемесін, тарихтағы тұңғыш тәжірибе мектебін ашты. Ол тәрбие мақсаты баланы жан-жақты және үйлесімді дамыту деп білді. Осы мақсатқа жету үшін балаларға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беру керек деп білді, өз ойын нақты іске асырды.

Тәрбиенің мақсаты және оның негізгі принциптері туралы неміс педагогы А.Дистервег те (1790-1866) жазды. Ол педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік тәсілге қарсы күресті. Мектеп міндеті - ізгі адамды және саналы азаматтарды тәрбиелеу. Адамзатты да және өз халқын сүюге тәрбиелеу керек. Тәрбиенің ең басты принципін И.Г.Песталоццидан кейін табиғатқа сәйкестік деп санады. Тәрбиенің табиғатқа сәйкестілігі оның түсінігінше адамның табиғи дамуы үрдісіне еру, оқушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Ол мұғалімдердің назарын оқушының зейіні, есі, ой ерекшелігіне аударады. Психологиядан “тәрбие туралы ғылым негізін” көрді. Песталоцци баланың табиғи күші мен нышанына дамуға деген үмтылу тән деді. “Көз-деді ол, - көргісі келеді, құлақ естігісі келеді, аяқ жүргісі, қол ұстағысы келеді”. Сол сияқты жүректе сеніп және жақсы көргісі, ақыл ойлағысы келеді. Тәрбие мақсаты дұрыс құрылған жаттығулар арқылы осы дамуға ықпал ету. Баланың жарасымды дамуын оның табиғатымен толақ келісе отырып жүргізу. А.Дистервегтің үлкен еңбегі – педагогикалық тәжірибеге педагогикалық дамуының көзі ретінде қараған. Ол бала тәрбиесінің көпшілік практикасын педагогикалық еңбек шеберлігінің еңбегінен зерттеу қажеттігін атап өтті. Тәрбиеге сәйкестілік принципіне қосымша ол мәдениетке сәйкестілік принципін ұсынады. Оның мәні тәрбиенің және қоғамның рухани өмірі арасында тығыз байланыс орнату. Қазіргі кезде болмыс тәрбиенің алданда қойылатын негізгі талаптардың бірі Дистервегтің пікірінше балада дербестікті дамыту. Дистервегтің тәрбиенің жоғары мақсатын “ақиқатқа, сұлулыққа, қайырымдылыққа қызмет ететін сөздік” ретінде анықтайды.

Тәрбиенің мақсаты деп санады К.Д.Ушинский қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі Ушинский педагогикасында басты орын алады. Ол ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. “Шеберханасы, бау-бақшасы жоқ мектепті мектеп деп санау мүмкін емес” - деді.

А.Ф.Лесгафт білім мен тәрбие алдында бір ғана мақсат қойды- дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

П.П. Блонский тәрбие мақсатын балаға жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу деп санап, тәрбие жеке тұлғаның жапы адамзаттық идеяларын қалыптастыру керек деді.

1941-1961 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде “жан-жақты дамыту” ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбиелер енгізілді. 1978 жылғы педагогика бағдарламасында - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту коммунистік тәрбие мақсаты деп, мектепке жеке тұлғаны дамытуда кеңес мектебі роліне тоқталады. Тәрбие алдына мынандай міндеттер қойды: 1) ақыл-ой, 2) идеялық – саяси адамгершілік, 3) эстетикалық,

4) еңбек тәрбиесі мен политехникалық оқу. 1984 жылғы мектеп реформасында Комунистік партия және Кеңес мемлекеті жеке түлғаны жан-жақты дамыту құрылымын қуаттады. “Елдегі жалпыға бірдей біртіндеп, кезең- кезеңмен жүзеге асырылуы нәтижесінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасады”- деп мәлімдеді.

Тәрбиенің мемлекеттік және педагогикалық мақсатының ара салмағы проблемасымен педагогтардың ұзақ уақыт жұмыс істеу нәтижесі “Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны” құжаттарында көрініс тапты. Бұл бағдарламада тәрбиенің жалпы міндеті барлық сыныптар бойынша белгіленген. Ол мектеп жұмысын жоспарлауда және ұйымдастыруда қолданылады. Көбіне сабақтан тыс тәрбиеде қолданылады. А.С.Макаренко мәселені былай қойды: тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып отыру керек, сонда ғана педагогтардың жұмысы бақылауға алынады. “Дүниеде жеке тұлғадан асқан күрделі және бай нәрсе жоқ. Оны жан-жақты дамыту, адамшылығын жетілдіру тәрбиенің негізгі мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолы адамның өзі сияқты өте күрделі” - деп атап көрсетсе, В.А.Сухомлинский (1918-1971) “тәрбие мақсаты жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту” - деп айтып қана қойған жоқ, нақты іс жүзінде жүзеге асырды.

Тәрбие мақсаты қазақ тәлім- тәрбие тағылымында да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр-Әл-Фараби (870-950) “Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім- адамзаттың қас жауы” - деді.

Ы.Алтынсарин ұстаздық, әдеп қазақ өміріне орай түсіндірді. Оның түсінігінше “өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін жоғалтады, өз еңбегінің қызығын, рахат-ләззатын көре білу кісіліктің басты белгісі”- деді.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері Абай Құнанбаев шығармашылығынан да ерекше орын алды. Ол бес асыл істі атады. Олар: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Абай пайымдауша бес дүшпан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтық.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері қазақ зиялыларының еңбектерінда де көрініс тапты. Мысалы М.Жұмабаев “Көбірек денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толғанарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы “ - деп жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет