Семинар 3 Тақырыбы: «Ауылшаруашылық жолдарын жобалаудың негізгі техникалық нормативтері.»


Автомобиль жолдарының жіктелуін санаттары бойынша анықтап, техникалық - кадастрлық ерекшелігіне талдау



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі73,71 Kb.
#118604
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
3семинар Серікбай Мадина (1)

Автомобиль жолдарының жіктелуін санаттары бойынша анықтап, техникалық - кадастрлық ерекшелігіне талдау.


Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы пайдаланудағы автожолдардың ұзындығы 96 245,7 км құрайды, олардың 24 387,3 км.Республикалық маңызы бар жолдар, 33 713,2 км облыстық, 38 145,2 км аудандық маңызы бар жолдар. Жалпы пайдаланудағы қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 83 239,5 км.
Ауылшаруашылық өндірісінде көлік жыл бойы негізгі қызмет атқарады. Ауылшаруашылық өнімдерін қабылдау бөлімшелеріне шикізатты қайта өңдеуге, уақытында жеткізу, сонымен қатар егістік жерлерге тыңайтқыштар жеткізу, жанар-жағар май, тұқым және тағы басқаларын тасу аса маңызды жұмыстардың бірі.
Ауылшаруашылық аудандарында тасымалдау көліктің барлық түрлерімен темір жол, су, автокөлік және әуе жолдарымен жүзеге асырылады, бірақ аса маңыздысы автокөлікке байланысты.
Автокөлік жұмысы жол жағдайына байланысты. Көктемде егін себудің қызу шағында және күзде егін жинау кезінде қолайсыз жолдарда, яғни топырақ қабатының ылғалдануынан батпаққа айналған жолдарда жүру, жанармайдың көп шығындалуына және автокөліктің тез тозуына әкеліп соғады, Қысқы уақыттарда жолда жүру қардын, калың болып түсуінен киындайды. Құрғақшылық жылдары топырақты жолдардан көтерілген шаң автокөлік козғалысына жақын жатқан егістік жерлерінің өніміне және тұрғылықты жерлерде тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына зиянын тигізеді.
Жыл сайын еліміздің ауылшаруашылық аудандарында мыңдаған шақырымдарға созылған жолдар қатарға қосылуда.
Барлық автокөлік жолдары көпшілік қолданыстағы және ведомстволық жолдарға бөлінеді. Көпшілік қолданыстағы автокөлік жолдары мемлекеттік жол шаруашылығы ұйымдарының балансына жатады.
Автокөліктерді жетілдіру,жүктермен жолаушыларды тасымалдаудың орташа кашықтығын арттыруына байланысты болады.
Қорытынды


Автокөлік жолдарын шаруашылықта пайдалану міндетті түрде жобалау және оның ұзақтығын арттыруды қарастыру керек. Сонымен қатар автокөлік жолдары мен автопоездардың қауіпсіз козғалысын барлық жол жүрісінде, бұрылыстар, жоғарыға көтерілу мен төмен түсуі, ауа-райы мен жыл мезгіліне карамай-ақ жүрумен камтамасыз ету керек. Жолдың сапасы жүргізуші мен жолаушыларды шаршатпайтындай жақсы жасалу керек. Басқа да санитарлық - гигиеналық жағдайлар сақталуы керек: аз шаңдату, қозғалыстың жоғарғы дәрежедегі тыныштығы, жолаушылардың ұзақ жолда демалу мүмкіндігі, автокөліктерге жанармай құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу және тағы басқалары.
Жолдың маңызы жоғары болса, оның салыну мен пайдалануына катаң талап койылады. Негізгі қызмет атқаратын қозғалыстың есебі, техникалык-экономикалық көрсеткіші мен жол кұрылысының қаражатын анықтайды.
Бүкіл автокөлік жолдары ортақ жүйелі, қалалык, ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындар жолдарына бөлінеді. Әкімшілік-саяси, экономикалық және мәдени маңызына байланысты ортақ жүйелі жолдар келесі топ


Пайдаланатын әдебиеттер тізімі



  1. Территорияның инженерлік дамуы «Аумақтың инженерлік құрылысы» пәні бойынша оқу -әдістемелік құралы / Д.А. Кирик, М-ауылшаруашылығы РФ, FGOU VPO «Пермь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы». - Пермь: «Пермь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы» FGOU VPO баспасы, 2015. - 68б.

  2. Анисимова Л.В. Қала ландшафты. Жобалаудың әлеуметтік-экономикалық аспектілері. Оқулық. Вологда. VoGTU. 2004 192 жылдар.

  3. Дмитриев В.Д., Коровин Д.А. Сумен жабдықтау, кәріз және газбен жабдықтау жүйелерінің жұмысы, анықтамалық - Ленинград, 1998 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет